Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ Жоғары білім беру бағдарламаларына | Misk&Parfum

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Жоғары білім беру бағдарламаларына
қабылдауға арналған құжаттар тізімі:

1. белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (универге барып толтырасыздар)
2. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқасы) (шетел азаматтары үшін - білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы);
3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар ұлты «қазақ» екендігін растайтын құжаттың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады;
4. шетел азаматтары үшін нострификация туралы құжат түпнұсқасы/анықтама (бар болған жағдайда);
5. жеке куәліктің көшірмесі/ кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің көшірмесі, туу туралы куәлігінің көшірмесі;
6. 3 x 4 көлеміндегі цифрлық фото;
7. 075/у нысаны бойынша электрондық / қағаз нұсқадағы медициналық анықтама;
8. ҰБТ сертификаты;
9. Шығармашылық емтихандар / «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша арнаулы емтиханнан өтті деген нәтижелі құжат;
10. білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
11. басым құқық / квота беруді растайтын құжаттардың көшірмесі (мемлекеттік грант иегерлері үшін)
12. 063 егілу құжатының көшірмесі;
13. флюорография;
14. ақылы негізде білім үшін төлеу туралы түбіртек көшірмесі;
15. әскери тіркелу куәлігінің көшірмесі (ер балалар үшін);
16. 1 - скоросшиватель, 3 файл.

Ескерту: 5, 11, 12, 14, 15 тармақшаларда көрсетілген құжаттар көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады.

Құжат тапсыруға барғанда міндетті түрде ата-анаңыздың ЭЦП керек.

Документ тапсыру 16-25 тамыз аралығында!