Get Mystery Box with random crypto!

SLIV/UBT

Telegram арнасының логотипі sliventtt — SLIV/UBT S
Telegram арнасының логотипі sliventtt — SLIV/UBT
Арна мекенжайы: @sliventtt
Санаттар: Білім
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.99K
Арнадан сипаттама

Жарнама мен ұсыныстар бойынша: @azamat678
Ашық чатымыз: https://t.me/joinchat/USH4OANFj-IwOTdi
Қаз.тарихтан күнделікті слив талдағыңыз келсе:https://t.me/Slivquiz

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2021-07-08 12:08:00 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ТУРАЛЫ: БАКАЛАВРИАТ

2021-2022 оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 56 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5000-ға артты. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 13 шілдеде басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады.

Гранттардың ең көп саны инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бөлінді – 17 028 грант. Педагогикалық ғылымдар – 9573 грант, ақпараттық – коммуникациялық технологиялар – 7487, жаратылыстану ғылымдары – 4088, ауыл шаруашылығы ғылымдары – 1895, денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға – 2700, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1615, бизнес, басқару және құқық – 1223, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат мамандықтарына 960 грант бөлінді.

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға" ("Серпін") бағдарламасы шеңберінде де гранттар қарастырылған.

2021-2022 оқу жылындағы білім беру гранттарының толық тізімі ашық дереккөзде орналастырылған.

Дереккөз:ҚР Білім және ғылым министрлігі
380 views09:08
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 21:31:50 Грант саны 2021

Әр мамандық бойынша грант саны шықты . Өз мамандығыңның грант санын көр. Достарыңа тарат.
https://t.me/sliventtt
336 viewsedited  18:31
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 19:48:14
4. Джим Керри, актер.

《Қорқыныш жолын таңдап, оны "қолайлы" етіп санайындар қаншама. Əкем комик болғысы келді. Бар мүмкіндігі болғанына сенбей, оның орнына жай бухгалтерді таңдау дұрыс деп көрді.
12 жасымда оны жұмыстан шығарып жібергенде отбасымызға оңай болған жоқ. Ұнамайтын ісіңде де сəтсіздікке ұшырайтынды сол арқылы түсініп, неге шын қалайтын нəрсеңмен айналмасқа деген түйінге келдім. Бұл нəрсені ғаламнан сұрауға тырыспағанның өзінде, ол мүмкін емес немесе қисынсыз көріну ықтимал. Сіз барлығын сұрауға болатыны ретінде мен нағыз дəлел болып табыламын.》
352 views16:48
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 09:09:17
3. Стив Джобс, кәсіпкер.

《30 жасымда мені айқаймен өзім құрған компаниямнан шығарып жіберді. Бүкіл өміріме арнаған барлық нәрсемнен айырылғаннан, менен түк қалмағандай сезімге тап болдым. Сол кезде Apple-ден шығарып тастаған жағдай мен үшін ең жақсы нәрсе болатынын түсінбегенмін. Табыстың ауыртпалылығы жеңілдікке ауысып, мен қайта жас буын болуыма әкелді. Сол сезімнен өмірімнің шығармашылық кездерімнің бірі басталды. Келесі 5 жыл бойына мен NeXT, Pixar компанияларды құрдым, керемет әйелге ғашық болған соң, ерлі-зайыпты болдық. Мені Apple компаниядан шығармаған кезде осының барлығы келмейтініне сеніммен айтуға болады. Дəрі татыған жиіркенішті болса да, емделуші соны қажет етеді.

Əрі қарай алға қадам басып берілмеу - өз ісімді жақсы көру арқасында пайда болды.》
85 views06:09
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 20:31:35 2. Стивен Спилберг, кинорежиссер

《Мен колледжден бас тарттым, өйткені кейбірлеріңіздей өзімнің не қалап тұрғанымды білдім. Мүмкін, сіз тап қазір шындыққа тірелгенде жазушы-юморист емес, доктор болғысы келетінін ата-анаңызға қалайша жеткіземін деп қысылып жатқан шығарсыз. Егер де киномен шықпаса, қайта университетке кететімін деп оларға уәде бердім. Бірақ та бәрі жақсы қалыпқа түсті.

Өмірдің бастапқы 25 жасында бізді өзге дауыстарға көңіл аудартуды үйретеді. Ата-ана мен мұғалімдер басымызға түрлі дана ақпаратты құйып тастайды. Одан кейін олардың орнын бастықтар басып, бұл өмір негізінде қандай екенін көрсетеді. "Мен осы әлемге басқаша қараймын" деп ойласаң да, бәрібір басқалармен жай келісіп отырған оңайырақ.
1980 жылға дейін түсірген фильмдер шындықтан өте алыстау болды. Мен қабыршықта болғанды сезіндім, өйткені маған білім жетіспеді. Менің өмірге деген көзқарасым өмірлік тәжірибеге емес, тек басымда жүрген ойларға сүйенетін. "Цветы лиловые полей" фильмін түсірдім. Бұл оқиға терең жан ауруы мен шындаққа толы болды. Мысалға:" Әлемде бүкілі сүйікті болғысы келеді."- Шаг Эйверидің сол кезде айтқаны. Осы фильмді жасаған кезде, мүмкін кино менің миссиям екенін түсіндім. Осы сезімді әркім басынан өткізетініне үмітеннемін.》
Аударған : Битанова Аида
90 views17:31
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 20:31:19
82 views17:31
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 16:19:20 Ең мықты МОТИВАЦИЯ берер мектеп бітірушілер алдында 7 атақты тұлғалардың сөз сөйлеуі
Көптеген шетел вуздарында түлектерді шабыттандырып, тілегін айтып, дипломды қолдарына беру үшін атақты адамдарды шақырады екен. Олар тек қана өзінің табысымен емес, өмірлік тəжірибесімен, сəтсіздіктерімен, маңызды құндылықтарымен жиі бөліседі. Себебі, əрбір түлек сəтсіздіктер мен жеңілістерден қорқады.

1. Джоан Роулинг, жазушы

《Мектеп бітіріп жеті жыл өткен соң, мен өзімнің ең қиын сəтсіздігіме ұшырап құлағаныма қалай да болса төздім. Неке бұзылып, ақшасыз, жұмыссыз, сəбимен жалғыз қалдым. Мен сіздерге сəтсіздік күшті екенін көрсеткім келмейді. Бұл период өмірдегі жол болмаудың көкесі болды. Дегенмен, қазіргі кезде газеттерде жазып жатқандай бұл ертегінің соңы керемет аяқталады деп ойламаппын.

Алайда, сәтсіздік мені босатты- ең мықты қорқынышым орындалды. Мен өмірімді сақтап қалдым, сонымен қатар сүйікті қызым, баспалау машина мен анағұрлым идеялар болды. Егер табыс мені басқа жақтан күткенде, мүмкін шын сүйетін ісіме мұндай батылдықпен кіріспейтін едім.

Егер сіз сонша абайлап өмір сүрмесеңіз ғана, сәтсіздіктен аттап кету мүмкін емес. Оны өмір деп те айту қиын.》
Аударған: Битанова Аида
177 views13:19
Ашу / Түсініктеме
2021-07-06 16:18:52
166 views13:18
Ашу / Түсініктеме