Get Mystery Box with random crypto!

Ойлы жастарға 10 кеңес: Уақытты басқаруды үйрен. Өз жұмысың | SLIV/UBT

Ойлы жастарға 10 кеңес:

Уақытты басқаруды үйрен. Өз жұмысыңда барынша өнімді болу – тұтас ғылым. Мансабыңның басында күн тәртібін ұйымдастыру және уақытты тиімді қолдану өте қиын. Бірнеше жұмысты бір уақытта атқармауың қажет.

Ақшаны барлық нәрседен жоғары қойма. Қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу керек, бірақ ақшаны бірінші орынға қоюдың қажеті жоқ. Ақшадан да маңызды дүниелер барын түсін.

Үнемдей біл. Ата-ананың қамқорынан шығып, ересек өмірге қадам басатын кез келеді. Сол уақытта өміріңе азық болар аздаған қорың болуы керек.

Денсаулығыңды күт. Қазір бізге жастық шақ бітпейтін өмір кезеңі болып көрінуі мүмкін. Бірақ, албырт жастықтың да дәурені өтеді. Ересектерше темекі тартып, шарап ішіп, ойнап-күлгің келеді. Есіңде болсын, бұлардың ләззаты – уақытша, ал залалы – өмір бойы. Бір сәттік ләззат үшін бүкіл өміріңді қор етпексің бе?

Табандылық таныт. Тіпті ең табысты адамдар да әрдайым жетістікке жете бермейді. Егер табандылық танытып, одан сабақ алып, ары қарай жылжи алсаң, бұдан да биік шыңды бағындырасың.  

Барлық адамға ұнауға тырыспа. Өміріңде сен ұнатпайтын немесе сені жақтырмайтын адамдарды кездестіресің. Бұл – қалыпты жағдай. Ең бастысы өз қалпыңнан таймай, мақсатқа жету.

Ізденуді тоқтатпа. Беделді мектепті немесе жоғары оқу орнын бітіру қандай бір деңгейде ортаңда беделге ие болуға көмектесуі мүмкін. Бірақ ізденуді тоқтатсаң, мұның бәрі түкке тұрғысыз.

Мүмкіндіктеріңді шектеме. Адамның мүмкіндігі шексіз. ШЕКТЕУ ТЕК МИЫҢДА ҒАНА. Кез келген мамандық иесі бола аласың, кез келген кәсіпті үйрене аласың, кез келген тілде сөйлей аласың.

Адамдармен қарым-қатынасыңды түзе. Ортаң, араласатын адамдарың сенің өмірлік көзқарасыңа, қағидаларыңа және мақсаттарыңа әсер етеді.

Шындықты биік ұста. Өтірік және жағымпаздық – адамдармен қарым-қатынас құрудың ең нашар тәсілдері.

Өмірлік ұстанымың, Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айпақшы – «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» болуы керек.