Get Mystery Box with random crypto!

Грант саны 490-ға өсті Грант санында қандай өзгерістер бар? | SLIV/UBT

Грант саны 490-ға өсті

Грант санында қандай өзгерістер бар?

2020 жылы барлығы 53 771 грант болса, биыл 54 261 грант. Яғни грант саны 490-ға өсті.

Грант саны ең көп өзгеріске ұшыраған мамандықтар:

⁃ Ақпараттық қауіпсіздік:
2020 жылы 500 грант еді, биыл 2002 грант болды (+1502)
⁃ Педиатрия: 2020 жылы 150 грант еді, биыл 500 грант болды (+350)
⁃ Әлеуметтік жұмыс: 2020 жылы 127 грант еді, биыл 350 грант болды (+223)

⁃ Жалпы медицина: 2020 жылы 2147 грант еді, биыл 1575 грант болды (-572)
⁃ Шет тілі мұғалімдерін даярлау: 2020 жылы 735 грант еді, биыл 395 грант болды (-340)
⁃ Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс: 2020 жылы 2450 грант еді, биыл 2249 грант болды (-201)

Жалпы педагогикалық (мұғалімдік) мамандықтарға грант саны азайды, бірақ қатты көп емес. Мысалы 2020 жылы 8252 грант болса, биыл 7920 грант болды.

"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" (Серпін) жобасы шеңберінде студенттерді оқытуға өткен жылы 5107 грант бөлінсе, биыл 5156 грант бөлінді.

Дереккөз:ЖООКЗ