Get Mystery Box with random crypto!

​​Дінтану және теология Теолог мамандар - дін тарихын, дін м | 📚GRANTS 2023 💛

​​Дінтану және теология

Теолог мамандар - дін тарихын, дін мұраларын, қазіргі замандағы сипатын зерттейтін мамандар.

Олар діннің қайдан бастау алатынын, діни ескерткіш-кітаптарды зерттейді, қазіргі таңдағы діни мәдениетті қарастырады. Бүгінгі күндегі дінді ұстанатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңбұзушылықтың орын алмауын қарастырады. Олар тек ислам дінін зерттеп, мұсылмандармен ғана жұмыс жасамайды, сондықтан, әрбір дінге құрметпен қарап, жұмыс жасай білу керек.

Олар діни мекемелерде, мешітте, дін істер басқармасында, медреседе, ҚКБ (КНБ) мектепте, музейде, ЖОО-да қызмет етеді.

Бұл мамандыққа керек қасиеттер:
дінге қызығушылық;
заңды жақсы білу;
толеранттылық.

Теолог болу үшін ҰБТ-да негізгі пәндерден соң шығармашылық емтихан тапсыру қажет. Шекті балл - 107 балл.

Үздік теологтарды мына ЖОО дайындайды:
Нұр-Мүбарак Египет ИМУ;
Қожа Ахмет Ясауи ат. ХҚТУ.

Теолог-мамандарға сұраныс орташа. Жұмысқа орналасу мүмкіндігі жақсы. Олар кемінде 80-200.000 тг аралығында айлық алады.