Get Mystery Box with random crypto!

​​ҰБТ-дан аз жинадым... Грантқа түспедім... Кез-келген түлект | 📚GRANTS 2023 💛

​​ҰБТ-дан аз жинадым...
Грантқа түспедім...

Кез-келген түлектің ең үлкен қорқынышы осы болар.

Грантқа талас, тесттің қиындығы, бәсекелестік жыл сайын артпаса, азайып жатқан жоқ. Армадаған оқу орны мен қалаған мамандығымызға жетудің қиындап барады. Біреудің қолы жетеді, біреу ол мүмкіндіктен айырылып қалады.

Көбі грантқа түсудің жалғыз жолы МЕМЛЕКЕНТТІК ГРАНТ деп ойлайды. Оған түспесе, біттім деп есептейді.

Біз сіздерге грант ұтпаған жағдайда да оқуға түсуге болатын жолдарды көрсетеміз.

«Қала әкімінің гранты»
Жыл сайын әр қаланың әкімі өз қаласына қажетті мамандарға грант бөліп отырады. Ол грант мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі анықталған соң үлестіріледі.

Ерекшелігі:
Қала әкімі тек өз қаласы мен аудандарына қажет мамандықтарға ғана грант бөледі;
Әр түлек тек өзі тұратын қала әкімінің грантына қатыса алады;
Оқуды бітірген соң қала, қала жанындағы кез-келген ауыл-аймаққа жұмысқа жіберуі мүмкін.

«Серпін»
Халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру мақсатында бөлінетін грант.

Ерекшелігі:
Қазақстанның барлық аймағындағы түлектер қатыса алмайды;
Серпінге барлық мамандықтар мен ЖОО қатыспайды;
Өзіңіз оқыған аймақтан жұмыс тауып беруі мүмкін.

«Түрік квотасы»
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тегін оқуға арналған түрік квотасын бөледі. Грант мемлекеттік грант иегерлері анықталғаннан кейін үлестіріледі.

Ерекшеліктері:
Грант барлық мамандықты қамтымайды;
1 жыл тек ағылшын және түрік тілін оқып, кейін барып бірінші курсқа кіріседі;
Стипендия берілмейді, грант оқу ақшасын ғана төлейді;
Түркияға бір семестр оқып келуге мүмкіндік бар.

Шет ел гранттары
Көп басқа мемлекеттерде оқу көктемде және күзде басталады. Және шет елге ҰБТ нәтижесі қажет емес.

Ерекшеліктері:
IELTS, SAT, TOEFL сияқты сертификаттар сұрауы мүмкін.