Get Mystery Box with random crypto!

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – басты бағыт. Қазақстан Респу | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – басты бағыт.

Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас прокуратурасы басшылығының тапсырмаларын орындау мақсатында Әл-Фараби ауданы прокуратурасы мен Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отыра кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына үнемі мониторинг жүргізілуде.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Шымкент қаласы Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінен қозғалыс қиылысы құрылысының» (бұдан әрі - Жоба) II-кезеңі басталуына байланысты Бәйдібек би даңғылының сол жақ бөлігінде жол жүрісі тоқтатылып, 36 кәсіпкерлік субъектісіне тиесілі бизнес нысандарына және Дулати көшесінің сол бөлігінде жол жүрісі тоқтатылып, 4 кәсіпкердің бизнес нысандарына өткелі жабылған.
Аудан прокуратурасымен қала әкімінің орынбасарына енгізілген ұсынуды қарау нәтижесімен Бәйдібек би және Дулати көшелерінде жаңа жол жүріс схемасы бекітіліп, бизнес нысандарына өту жолдары ашылып, 40 кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау сұрақтары үнемі басты назарда ұсталатындығын мәлімдей отыра, Әл-Фараби ауданы бойынша мобильді топтың телефондары жарияланады: 8-700-100-58-57 және 35-32-94.

#ШымкентқаласыКәсіпкерлерпалатасы