Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Халықаралық сауда орталығы QazTrade сауда саясатын дамыт | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

Бүгін Халықаралық сауда орталығы QazTrade сауда саясатын дамыту орталығымен бірлесіп сауда және цифрландыру арқылы жан-жақты дамытуға қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның сауда порталы http://tradeinfo.kz/ бойынша конференция ұйымдастырды. Портал 4-ші шілдеден бастап ресми түрде іске қосылған болатын.

Негізгі мақсаты: жаңадан бастап жатқан экспорттаушылар үшін қандай талаптар қойылатыны жайында қадамдап түсіндіру. Толық бейне нұсқаулықты https://www.youtube.com/embed/pwKVxc25CdA сілтеме арқылы көре аласыздар.

Конференция қорытындысы:
- "Саудаға жәрдемдесу порталдары: аймақтық экономикалық интеграцияны нығайту үшін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты сауданы оңтайландыру" тақырыбында панельдік пікірталас ұйымдастырылды;
- Кәсіпкерлер тарапынан пікірлер мен ұсыныстар қаралды;
- Мүмкіндіктер талқыланды.

#ШымкентқаласыКәсіпкерлерпалатасы