Get Mystery Box with random crypto!

«ПАРЫЗ-2022» конкурсы туралы Достар, өздеріңіз білетіндей, жы | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

«ПАРЫЗ-2022» конкурсы туралы
Достар, өздеріңіз білетіндей, жыл сайын Мемлекет басшысының бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы өткізіледі.
Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру мақсатында олардың қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Байқау шарты бойынша кәсіпкерлер келесі номинациялар бойынша өтінім бере алады:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинация өтініш берушілердің өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын қызметін зерттейді (еңбекақы төлеу мен әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғау, кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелері және т.б.);
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады;
5) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы». Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Барлық сұрақтар бойынша Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын үйлестіру бөлімінің бас маманы Баймаханова Гулайна Алғибаевнаға хабарласу қажет тел.: + 7 775 729 5925
#Шымкентқаласыкәсіпкерлерпалатасы