Get Mystery Box with random crypto!

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында Шымкент қал | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында Шымкент қаласының адвокаттар алқасымен бірлесіп, ынтымақтастық аясында бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуға жол бермеуге қатысты мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, кездесуде сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің заңдылығы мен негізділігі, сонымен қатар мерзімдерін ұзартудың және тергеп-тексеруді үзудің негізділігі мен заңдылығы, кәсіпкерлерлік қарым-қатынастарында жүргізілген тергеу әрекеттерінің мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық аясында осындай кездесулерді ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.

#Шымкентқаласыныңкәсіпкерлерпалатасы
#ҚабыштаевНұрлан