Get Mystery Box with random crypto!

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастам | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында NEET санатындағы жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мәселелері бойынша «Арманда, мақсат қой, еңбек ет!» тақырыбында ТЕD-x форматындағы конференция мен «NEET жастары: құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз?» тақырыбында конференцияға қатысып, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы тарапынан жастарға қандай көмек көрсетіліп жатқандығы туралы ақпарат бердім.
Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану барысы жайлы сөз болды.

#Шымкентқаласыныңкәсіпкерлерпалатасы
#ҚабыштаевНұрлан
#Адырна