Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті Шымкент қаласының кәсіпкерлері! Ағымдағы жылдың 28-30 | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

Құрметті Шымкент қаласының кәсіпкерлері!
Ағымдағы жылдың 28-30 қыркүйегінде Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) "Узэкспоцентр" ҰҒК-да «Uze-TechExpo 2022 Электроника, Электротехника, кабель-өткізгіш өнімдер, жасыл энергетика, технологиялар және өндіріс» халықаралық көрмесі өтеді.
«Uze-TechExpo 2022»көрмесіне қатысуға Қазақстаннан бизнес өкілдерімен тікелей байланыс жасауға мүдделі өндірушілер, инвесторлар, халықаралық сауда компаниялары шақырылады.
Көрмеге қатысыңыз және Өзбекстанның перспективалы нарығына шығыңыз!
Электротехника және электроника өндірісіне инвестиция салу үшін тартымды бизнес локациясы
Ынтымақтастықты дамытуға арналған 2 455 өнеркәсіптік жоба
Электротехникалық саланы дамыту үшін жеңілдіктер мен преференциялар
Экспорттаушылар мен импорттаушылар үшін салық жеңілдіктері
Көрмеге қатысушылар: электрондық құрылғылар электротехникасын, кабель-өткізгіш өнімдерін, электр қуатты құрылғыларды, автоматика және өлшеу аспаптарын, электрониканы, тұрмыстық техниканы өндіруге және жобалауға арналған компоненттер мен модульдерді өндірушілер мен жеткізушілер.
Келушілер: өнеркәсіптің түрлі салаларының өкілдері, соның ішінде: ОЭК, өнеркәсіптік электроника, машина жасау, коммуникация және байланыс, автомобиль өнеркәсібі, көлік, денсаулық сақтау және т. б.
Негізгі тақырыптық бөлімдер:
Электротехникалық өнеркәсіптің технологиялары мен жабдықтары
Электромеханикалық және электронды компоненттер
Кабель, өткізгіштер
Қуат электроникасы
Автоматтандыру жүйелері
Сандық технологиялар
Автоэлектроника, электромобильдер
Экологиялық технологиялар
Тұрмыстық техника және электроника
Әлеуетті келушілер алдағы оқиғамен алдын ала танысып, көрме сайтында тіркеліп, электрондық бейдж ала алады: www.e-techexpo.ru
Ұйымдастырушылар:
Iteca Exhibitions и Congresses of Central Asia-CCA
Тел.: + 998 71 237 15 54
E-mail: sales@cca.uz ; www.e-techexpo.ru/en/
#Шымкентқаласыкәсіпкерлерпалатасы