Get Mystery Box with random crypto!

Республикалық референдум бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстар | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

Республикалық референдум бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табуда

Қаламыздағы Еңбекші ауданына қарасты №14 емдеу орталығының қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиынға Шымкент қалалық мәслихат депутаты Қайрат Сүлейменов, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев және зілтемірші, екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – алдағы жалпы республикалық референдумды өткізу барысы, халықты жан-жақты ақпараттандыру, мемлекет үшін маңызды күннің мәнін түсіндіру.

Басқосуда Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев республикалық референдум өткізудің тәртібі мен міндеттері, конституциялық реформаның бағыттары, жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызы туралы кеңінен сөз қозғады.

«Салмағы ауыр саяси науқанға ел тұрғындарының түгелдей қатысуы өте маңызды. Себебі әрбір азаматтың дауысы мемлекеттің келешегіне тікелей әсер ететінін анық» - деп атап өтті Нұрлан Қабыштаев.

#Шымкентқаласыкәсіпкерлерпалатасы
#НұрланҚабыштаев