Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті Шымкент қаласының кәсіпкерлері! Ағымдағы жылдың 14-1 | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

Құрметті Шымкент қаласының кәсіпкерлері!

Ағымдағы жылдың 14-16 маусымында Алматы қаласында Литвадан келген бизнес-делегация болады.
15 маусым күні сағат 13.00-де Новотель (Достық, 104а) қонақ үйінде Қазақстанға сапармен келген Литва көлік министрі Мария Скуодистің қатысуымен Бизнес-форум өтеді.
Іс-шара барысында Литва өнеркәсіпшілер конфедерациясы мен "КАЗЛОГИСТИКС" Қазақстан көлік қызметкерлері Одағы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда. Бизнес-форум бағдарламасында литвалық және қазақстандық компаниялардың тұсаукесері, В2В кездесулер өтеді, онда қатысушылар келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды талқылай алады.

Қатысуға ниет білдірушілерді ағымдағы жылдың 27 мамырына дейін электрондық пошта арқылы тіркелулеріңізді сұраймыз:
regina.dagis@urm.lt; gytautas.jundzila@urm.lt

Қатысушылар келесі ақпаратты ұсынуы керек:
1. Қатысушының аты-жөні және лауазымы;
2. Ұсынылатын компанияның (ұйымның) атауы, компанияның web-беті;
3. Компания қызметінің қысқаша тізімдемесі;
4. Литва компанияларымен ынтымақтастық мүдделерінің қысқаша мазмұны;
5. Іс-шараға қатысқан литвалық кәсіпкерлердің қайсысы В2В кездесуде кездескісі келеді;
6. Ол форумда презентация жасап, өз компаниясын (ұйымын) ұсынғысы келеді ме.

Іс-шара туралы толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі телефон арқылы қоңырау шалыңыз:
+ 77075002117, Гвидас Керушаускас, Литваның Алматыдағы Бас консулы;
+ 77014280371, Гитаутас Юндзила, Нұр-Сұлтандағы Литва Елшілігінің көлік жөніндегі атташесі;
+ 77272631040, Регина Д, Литваның Алматыдағы Бас консулының көмекшісі.

#Шымкентқаласыкәсіпкерлерпалатасы