Get Mystery Box with random crypto!

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында Шымкент көлік | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында Шымкент көлік прокуратурасымен бірге көлік инфрақұрылымы саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Кездесуде кедендік әкімшілендірудің проблемалық мәселелері талқыланып, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, қадағалау органының өкілдері кездесу қатысушыларына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Шымкент көлік прокуратурасымен ҚР БП құқықтық статистика Комитеті мен арнайы есептер аймақтық көлік басқармасымен бірлесіп бизнесті заңсыз тексеру фактілерін анықтау және оған жол бермеу бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп жатқаны жеткізілді.
Сондай-ақ, "Прокуратура туралы" ҚР Заңына 2021 жылы енгізілген өзгерістерге байланысты прокуратура лауазымды адамдар қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды, негіздер болған кезде және заңда көзделген тәртіппен заңсыз актінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұруды талап етуге құқылы екендігі айтылып өтті. Бизнес субъектісі мемлекеттік орган жүргізетін тексерудің заңдылығын тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген арнайы QR-код арқылы қайта тексере алады.
Сонымен қатар, кәсіпкер, заңсыз тексеру орын алған жағдайда, құрамына өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі кіретін Шымкент көлік прокуратурасының мобильдік тобына жүгіне алады.