Get Mystery Box with random crypto!

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палата | БИЗНЕС ШТАБ ШЫМКЕНТ

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес, 2022 жылғы Алтын сапа және Қазақстанның үздік тауары конкурстарына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлықақы (бұдан әрі – Сыйлықақы) ұйымның өнім және/немесе қызмет сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені (енгізілген менеджмент жүйелерінің болуы міндетті) үшін конкурстық негізде беріледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Сыйлықақы төрт номинация бойынша үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) беріледі:
• Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын
• Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын
• Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын
• Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдері
Конкурсқа қатысушылар алдыңғы үш жыл ішінде шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын растауы тиіс.

Қазақстанның Үздік Тауары республикалық конкурс-көрмесі жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған қызметін жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:
• Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар
• Халыққа арналған үздік тауарлар
• Үздік азық-түлік тауарлары
Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады.
Сыйлықақыға тіркелу және өтінім сайт арқылы беріледі www.altynsapa.kz.
Шымкент қаласындағы байқауға жауапты қызметкер:Мөлдір Дүйсебаева.
Тел.: +7 702 772 0342, project-support.cit@atameken.kz.
Аталған байқауларға белсенді қатысуға шақырамыз.

#Шымкентқаласыкәсіпкерлерпалатасы
#ПалатапредпринимателейгородаШымкент
#РППШымкент