Get Mystery Box with random crypto!

Шуақты 7 айында омыраудан шығарып, 8 айында ауылда тастап кет | Shuakh

Шуақты 7 айында омыраудан шығарып, 8 айында ауылда тастап кетуге мәжбүр болғанмын. Біржола қалдырдым деп көндім, бірақ бала қатты ауырып, 2 аптада қайтып келдім. Осы аралық менің өмірімдегі ең қиналған, өмірден ең үлкен соққы алған кездерім.

Бұл хикая әлі айтылады, әлі талай жылаймын... Кеше сторизде бастап айтып едім, бала алған-берген деген әңгәмеден директ жарылды. Әр оқырманымның бұл тақырыпқа айтары бар екен, жеке хикаясы бар екен. Дәл осы тұста жылап қалатын жаралы жүректер көп екен...

Қазақтың келіншектерінің көмпістігіне, мықтылығына, құрбандығына таңқалумен болдым кешелі бері. Ештеңеге қарамай, отбасын сақтауды, үйдегі тыныштықты, ата-ана абыройын бірінші орынға қою - әлсіздік пе, күштілік пе? Өз құқың тапталып, балаңды қорғай алмай жүрсең де шыдап беру эгоизм ба, сенімсіздік пе?..