Get Mystery Box with random crypto!

'Блиин, ертеңнен бастаймын! Қашан тезірек ертең болар екен? 'д | Shuakh

"Блиин, ертеңнен бастаймын! Қашан тезірек ертең болар екен? "деп түн ішінде көзі жайнап, миы қайнап жататын мен ғана емес шығармын, иә? Тіпті жыным келед бар ғой) Міне, тағы жаздың алдағы екі айында қыратын боп жатырмын:

Ертең "ACHIEVER" клубының жұмысын бастау
Продюсерлік потоктарды соңына жеткізу; ары қарай әкете алатын шәкірттерге қосымша консультация;
Gallup бойынша білімімді толықтыру
Команда құру бойынша 2 кітап оқу
Тауар бизнесін бастау
Аспаз жобасын бастау
Доктор Сманова жобасын дамыту
Ораторлық сабақтарын беру
Менторлықтағы ментилерді соңына жеткізу
4 кг салмақ тастау
Рилздар түсіру
Телеграм каналға күнделікті контент салу
Кітабымды аяқтау
Ремонтты бақылау
Құрбыларыма көңіл бөлу
Фейсфитнес, басқа да клуб тапсырмаларын белсенді орындау
Көөөөп демалу
"Тұлғалық даму" курсын өткізу
Таланттарымды басқаруды, ішкі күйді бақылауды күшейту
Бір курс коучингтен өту
Тұрақты сториз жүргізу
Балаларға репетиторлар, музыка мұғалімдерін табу
Фортепиано сатып алу
Домбыраны қолға алу
Витаминдерді ішу

Қырдым ба? Алдағы екі айға сізде қандай жоспар?