Get Mystery Box with random crypto!

Жеке дамуға жоспар құрайық Жеке дамуға жоспар құрудың негізгі | ШТАБ

Жеке дамуға жоспар құрайық

Жеке дамуға жоспар құрудың негізгі 5 этабы бар:

Қажеттілігіңді саналы түрде түсіну

Өзін-өзі дамыту процессін бастамас бұрын, ол саған не үшін қажет екенін анықтауың керек. Сен өзіңнің комфорт аймағыңнан шығуға дайынсың ба? Өміріңдегі орын алатын өзгерістерден қорықпайсың ба? Тамаша, онда келесі пунктке көшейік.

Қажеттіліктеріңді зерттеу

Бұл кезеңде сен өзіңнің өміріңде нені жақсы жаққа өзгерткің келетінін нақты түсінуің керек. Өзіңе сұрақ қойып көрші: «Мен өмірден нені қалаймын және нені өзгертуім керек?» Сен қандай мақсаттарға қол жеткізгің келетінін анық білуің өте маңызды.

Өзін-өзі тану

Мақсаттарыңды белгілегеннен кейін, тағы бір анализ жасап шық. Сенің мақсаттарыңа жетуге не кедергі болып тұр және оған жетуге не көмектесе алады.

Стратегия құру

Енді сен мақсаттарыңа қалай қол жеткізесің, сол бойынша өз әрекеттеріңнің стратегиясын жасауың керек. Жоспарыңды қағазға жазып, көрінетін жерге іліп қойғаның дұрыс болады.

Әрекетке көшу


Ал енді ең бастысы - дәл қазір өзіңмен жұмыс істеуді баста! «Келесі аптадан» деген сылтау болмайды, дәл бүгін, қазірден батауың қажет.

Осы жолы бастаған ісіңді соңына дейін жеткіз
ШТАБ ұжымы сәттілік тілейді!