Get Mystery Box with random crypto!

Shonbay

Telegram арнасының логотипі shonbay — Shonbay S
Telegram арнасының логотипі shonbay — Shonbay
Арна мекенжайы: @shonbay
Санаттар: Музыка , Маркетинг
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 11.25K
Арнадан сипаттама

Бизнес психология

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 4

2022-06-10 22:46:00
Астраханьға аман - есен жетіп алдық

Өте әдемі қала екен

Қазақтар өте көп, бір жағынан қуанасың, бірақ кішкене өзгешелеу(жаман яки жақсы емес, жай өзгешелеу)

Біздің сопровождениедегі көлікті қайта - қайта ГАИ тоқтатаберіпті, шет елдік номер болған соң ғой деймін, документтерді сұраған

Ең қызығы, сол ГАИ қызметкерлерінің көбісі де қазақтар екен

Өзіміз ғой дегенді түсінбейді екен деп көліктегі жігіттер ренжіп отыр

Атырау - Құрманғазы арасы жол нашар, 240 км жаман жолды жүрі, әдемі асфальт жолға 4 км қала бір камаз қысып кетіп, мотомен обочинаға қарай ұшып кеттім

Қабырғамның еті қатты ауырып қалды, 1 укол, 1 обезболивающий дәрі, 1 мазьбен ауырғанды қайтарып жатырмын

Мотоцикл айдауға болады, бірақ ана Атырау - Астрахань жолын жөндемесе беті аулақ әлі адам қайтыс болып, талай адам жараққаттанады

Көліктің ходовкасына кеткен шығынды айтсайшы?!

В общем, мототурдың 1-ші күні ешнәрсеге қарамастан кайф өтті

Ертең бұйырса Тблисиге тартамыз, ұзақтық 800 км астам!

Әзірге жағдай осы!
533 viewsedited  19:46
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 15:00:28
Қатты құладым мына Атырау - Астраханның жаман жолында!

Қабырғам қатты ауырып Құрманғазы ауылының емханасына келдім…
1.6K views12:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 07:00:56
Бисмилля деп сапарды бастадық!
2.3K views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 21:36:49 Шектеудің пайдасы

Өткенде өмірінші бірінші рет 512 гб-тық iPhone памяты толып қалыпты

Қызық сезім екен, памяттың жетпеуі, WhatsApp-ты қолдану үшін кейбір бағдарламаларды немесе видеоларлы өшір деп жазу шығып тұр

Содан, видеоларды өшіруге еріндім де iMovie-ді өшіресалдым

Бүгін Алматыдан Атырауға ұшақта ақыры уақыт бар ғой деп, архивтен 2015-тен бергі видеоларды қарап шықтым

16,557 видео бар екен

Сол жылдары WhatsApp-тың чатқа келген видеоны бірден скачать етіп алатын функциясы қосулы еді, құдай сақтасын неткен видеолар келген?

20 рет қайталатын дым қызық приколдар, клиптар, жігіттердің чатында жүретін видеолар, в общем мусор көөп екен

Семья мен жұсысқа қатысты видеоларды қалдырып 1000-ға жуық видеоны осылай өшіріп тастадым

Әзірге 2016 жылға жеттім. Осылай әлі талай мусорды өшіру керек

Бұл жағдай маған шектеулердің пайдалы екенін тағы еске салды

Өмірде шектеу болмаса сол заттың қадірі болмас еді

Бізге ең маңызды ауа ғой, бірақ ол шексіз болған соң қадірін ешкім түсініп жүрген жоқ

Өмір шектеулі болған соң, күндердің қадірі бар, бір күнде 24 сағат ғана болғандықтан уақыттың қадірі бар

Өмірім айфонның памяты емес қой, 512 гб жетпей қалса 1 тб памяты бар жаңасын аласалатын

Ия, Алла, мына өмірім мусорға толып қалды, маған жаңасын бересалшы дей алсақ кайф болар еді, бірақ нифига олай емес!

Менде бәрі шектеулі: уақыт, денсаулық, көз-көруі сияқты, шектеу көп

Осы шектеуге толы өмірде өкінбес үшін таңдау жасау керек

Нені қалдырып, нені өшіретініңді өзің шешіп алу керексің

Кейін сенің өмірлік памятта чаттан келген елдерге қызық видеолар қалады ма, әлде саған шынымен естелік болып, кейін қайта көргің келетін видеоларды қалдырасың ба?

Өмір шектеулі, таңдау жасауға мәжбүрсің!

Ең кайфы, өмір осынсымнен қызық қой!

Ал біз, Атырауға қош келдік!

P.S. Өмірде шектеу көп болса да, баста шектеу баста болмасын!
765 views18:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 21:36:46
701 views18:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 13:33:59
Мотоциклым Атырауға жетіпті

Жолды сырылмай, шайқалмай жетсін деп осылай орап жібердік

Ойық-шұңқырларда сілкібесін деп поездбен кетті

Бұйырса кешке Атырауға ұшамыз командамен!

Бізге ақ жол тілеп қой

Тағы да бір арманым орындалуға шақ қалды

Ұмытпа, армандар орындалу үшін жаралған!
2.3K views10:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 09:58:41
Мәә, сабақ түсіруді жаман сағынып қалыппын

Әдетте біз Тiкелей Эфирде сабақ жүргізетін едік

Жаңадан бастап жатқан re:Code online курсы үшін алдын ала түсірілген сабақтар ұсынамыз

Кез-келген уақытта, кез-келген жерде көре алады

re:Code бизнес психология саласы бойынша курс, яғни бизнесті ішкі стоптарды тауып, оларды түзету арқылы бастау және одан әрі дамыту бойынша ауқымды ғылыми негізде құналған курс

Жобалап 12-15 сабақ болады, ал әр сабақты әр локацияда түсіріп жатырмыз

Әр қайсысын бұйырса клип секілді, художкасын да темаға сай дайындалып жатыр

Режиссёр боламын деген арманымды, осы курста қолданамын

Что там, өзіңде не жаңалық?
860 views06:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 23:01:53 Бұдан бөлек, бұйырса 10.06-22.06 арасы 12 күндік Атырау - Стамбул мото сапарға шығып барамыз бір топ жігіттермен

Осы жерде де кішкене әңгімеден жәберіп тұрсам ба деймін

Инстаграмда кішене видео, фото көбірек өтеді, текст осы жерде ыңғайлы секілді

5,000 км мотода отырсаң, хочешь не хочешь ойланып, философ болып кетесің

Өткенде Алматы - Бухара - Алматы сапары 2919 км болған, сол жолда “Қазақтар ненің арқасында осындай дәрежеге жеткен?” - деген сұраққа жауап іздеген едім

Еңбекқор десең өзбектер бізден асқан еңбекқор, діндар десең олар көбірек діңге берік, ал экономика жағынан СССР ыдырағанда оларда 15 елдің 4-ші болса, Қазақстан 15 елдің 13-шісі ма, сондай еді!

Олай болса, Алла біздің қай қасиетіміз үшін осындай жағдай жасап жүр деген сұрақтың жауабын тапқандай болған едім, оны келесі жазбаларымда айтып берермін

Ал қазірге, Атырау - Стамбул маршруты мынандай:

10 июнь: Атырау-Грозный (830 км)
11 июнь: Грозный- Тбилиси(700 км)
12 июнь: Тбилиси - Батуми (374 км)
13 июнь: Батуми
14 июнь: Батуми - Эрзинджан (373 км)
15 июнь: Эрзинджан - Адыяман (414 км)
16 июнь: Адыяман - Газиантеп (150 км)
17 июнь: Газиантеп - Кония (560 км)
18 июнь : Кония - Каш (490 км)
19 июнь: Каш - Измир (437 км)
20 июнь: Измир - Стамбул (480 км)
21 июнь: Стамбул 2 күн
23 июнь: Елге ұшақпен

Қалай екен план?
2.1K viewsedited  20:01
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 22:48:08
Мынаны қарасай, келесі ай Ақтауда масқара форум болайын деп жатыр екен

2006-2009 арасы Түркияда оқып жүргенде Шамиль мырзаның жұмы әрі жексенбі күні шығатын барлық уағыздарын MP3 плеерге скачать етіп алып тыңдайтын едім

Ол кезде интернет жәй, 70-80 мб аудионы скачать етуге 30-40 минут уақыт кететін, соны интернет кафеге барып, жұма уағызы бітесала, ол кісі umma.ru порталына жүктейтін, соны күтіп жүргенім әлі есімде!

Діни сауатым мен өз - өзіңді үздіксіз дамытуға осы кісінің маған қосқан үлесі өте көп

Бірге фотомыз жоқ еді, 2013 жылы Мәскеуге арнайы барсам да еш ұстай алмап едім

Міне, 9 жылдан соң енді екеуміз бір сахнаны бөліскелі жатырмыз

Өмір деген сыйға толы, ғажап нәрсе ғой!

Сені қайдам, мен бұл форумға қатыстыныма қатты қуаныштымын

Енді Шамиль мырза қашып құтылмас, бұйырса бірге түскен фотомыз болады!
2.1K viewsedited  19:48
Ашу / Түсініктеме