Get Mystery Box with random crypto!

Шектеудің пайдасы Өткенде өмірінші бірінші рет 512 гб-тық iPh | Shonbay

Шектеудің пайдасы

Өткенде өмірінші бірінші рет 512 гб-тық iPhone памяты толып қалыпты

Қызық сезім екен, памяттың жетпеуі, WhatsApp-ты қолдану үшін кейбір бағдарламаларды немесе видеоларлы өшір деп жазу шығып тұр

Содан, видеоларды өшіруге еріндім де iMovie-ді өшіресалдым

Бүгін Алматыдан Атырауға ұшақта ақыры уақыт бар ғой деп, архивтен 2015-тен бергі видеоларды қарап шықтым

16,557 видео бар екен

Сол жылдары WhatsApp-тың чатқа келген видеоны бірден скачать етіп алатын функциясы қосулы еді, құдай сақтасын неткен видеолар келген?

20 рет қайталатын дым қызық приколдар, клиптар, жігіттердің чатында жүретін видеолар, в общем мусор көөп екен

Семья мен жұсысқа қатысты видеоларды қалдырып 1000-ға жуық видеоны осылай өшіріп тастадым

Әзірге 2016 жылға жеттім. Осылай әлі талай мусорды өшіру керек

Бұл жағдай маған шектеулердің пайдалы екенін тағы еске салды

Өмірде шектеу болмаса сол заттың қадірі болмас еді

Бізге ең маңызды ауа ғой, бірақ ол шексіз болған соң қадірін ешкім түсініп жүрген жоқ

Өмір шектеулі болған соң, күндердің қадірі бар, бір күнде 24 сағат ғана болғандықтан уақыттың қадірі бар

Өмірім айфонның памяты емес қой, 512 гб жетпей қалса 1 тб памяты бар жаңасын аласалатын

Ия, Алла, мына өмірім мусорға толып қалды, маған жаңасын бересалшы дей алсақ кайф болар еді, бірақ нифига олай емес!

Менде бәрі шектеулі: уақыт, денсаулық, көз-көруі сияқты, шектеу көп

Осы шектеуге толы өмірде өкінбес үшін таңдау жасау керек

Нені қалдырып, нені өшіретініңді өзің шешіп алу керексің

Кейін сенің өмірлік памятта чаттан келген елдерге қызық видеолар қалады ма, әлде саған шынымен естелік болып, кейін қайта көргің келетін видеоларды қалдырасың ба?

Өмір шектеулі, таңдау жасауға мәжбүрсің!

Ең кайфы, өмір осынсымнен қызық қой!

Ал біз, Атырауға қош келдік!

P.S. Өмірде шектеу көп болса да, баста шектеу баста болмасын!