Get Mystery Box with random crypto!

Сарафанное радиодан бір социолог мықты маманды естіген едім. Б | Shonbay

Сарафанное радиодан бір социолог мықты маманды естіген едім. Бұл салада тәжірибесі мол дейді, шетелде мықты университетте социолог мамандығын бітірген, жақсы кейстары бар, естісең, бір сөзбен айтқанда - белиссимо!

Таныстары арқылы жұмыс қажет болған жағдайда байланысқа шықсын деп ұсыныс жасадым.

Байланысқа шыққан бірінші секундынан-ақ жұмыс істемейтінімізді бірден ұқтым. Қалай?

Мені танымайтын, өмірінде ешқашан тілдесіп көрмеген адам бірінші байланысын ватсаптағы аудиосообщение арқылы жасады.

Елестетіп тұрсыз ғой?

Бірінің артынан бірі жіберілген 1 емес, 3 аудио, аватаркасында түсініксіз сурет, аты жоқ, жәйі жоқ, сәлемі жоқ. Қызық иә?
Ең сорақысы, аудиосынан соң звондап тұр. Алсам, 700 000 айлық дейді.

Айлығында дым жоқ, сұрасын, өзім де зерттеулер жасауға 10 млн қаражат жұмсаймын деп отыр едім, бір ғана аудиосообщениесі үшін айырылды да қалды.

Түсіндіңіз ғой? Бірінші байланысты дұрыс жасау - аса маңызды және оны аудиосообщениеден бастау - қателік.