Get Mystery Box with random crypto!

Қадалып қала жаздадым… Әке-шешеме үй салып беру үшін осы күнд | Shonbay

Қадалып қала жаздадым…

Әке-шешеме үй салып беру үшін осы күндері жер іздеп жүргенмін. Қаланың ішінен бір участокты таптық, ұнады. Келісім берсек, жері бар, соғатын материалдары бар, үйі бар, жиһазы бар, в общем бір талай миллионға үй соғуды көздеп отырғанбыз.

Толықтай көз жеткізу үшін амалын тауып 300 мыңға жердің құнарлығына анализ жасаттым.

Сөйтсем, участокта 14 метр мусор!

Танысымда солай болған. Тексермей, үй соққан, сосын бірнеше жыл салып салған үйі екіге бөлінді де қалды.

Тексерсең, кететіні - 300 мың теңге, тексермесең - 100 000 000 теңге. Айырмашылық бар ма?

Кәсіп бастағысы келетіндерге үнемі айтатыным - осы.

Идея бірден стартапқа айналып кетсе, қадалып қалу мүмкіндігі жоғары. Себебі ортасында "тестілеп көру" деген кезеңі қалып қойған.

Кішігірім қаражат сал да, байқап көр. Жүріп кетсе, тіпті жақсы, жүрмей қалатын болса да қалтағы ұратыны шамалы. Логиканы түсіндің ғой?