Get Mystery Box with random crypto!

КЛИЕНТІҢІЗДІҢ АВАТАРЫ ҚАНДАЙ? Ойландыңыз ба? Біреуге бір зат | Shonbay

КЛИЕНТІҢІЗДІҢ АВАТАРЫ ҚАНДАЙ?

Ойландыңыз ба?

Біреуге бір зат сатпас бұрын, кімге сатып жатырмын, ол оған керек пе, оның қажеттілігін жаба ма, проблемасын шеше ма, біліп алыңыз.

Ол үшін клиентіңіздің аватарын құрастырыңыз. Суреттеңіз, тіпті атын да атап қойыңыз.

Мәселен, Берік мырза - жасы 23-тегі кәсіпкер, Алматыда тұрады, астында Тойота Камри көлігі бар, магазин бизнесі, оффлайн саудамен айналысады, бизнесін онлайн дамытқысы келеді. Отбасы құрған, бір баласы бар, айлық табысы кем дегенде 1 000 000 теңге.

Керек десеңіз толықтай елестету үшін суретін де салып қойыңыз.

Берік мырза - нысандағы аудиторияның жиынтығы, идеалды клиент. Кез-келген бизнестегі өзгерістер, жаңа қызметтер, қандай да болсын жаңашылдықты еңгізбес бұрын бірінші Берік мырзамен ақылдасып алу керек.

Түсіндіңіз ғой? Дәл қазір клиентіңіздің аватарын құрастырыңыз. Бұл өте маңызды.

БИЗНЕС СИМФОНИЯ #2 инструмент