Get Mystery Box with random crypto!

Бейшара болмашы, өтініш… Қатты айтсам ренжіме, бірақ шындығын | Shonbay

Бейшара болмашы, өтініш…

Қатты айтсам ренжіме, бірақ шындығына келгенде солай. Таңертең тұра салысымен “жолым болмайды”, “мен ешкім емеспін”, “бар әлем маған қарсы”, “қолым қысқа”,”аяғым түзу емес” деп оянсаң, онда сенде бір ғана диагноз - бейшаралық психологиясы.

Оған шалдығудың мынандай себептері бар:

1. Өзін-өзі бағаламау. Жұмысын жоққа санау.
2. Ерекшеленуден қорқу. “Ел қатарлы бол” деген позицияны ұстану.
3. Басқалардың пікіріне тәуелді болу. Айналадағы адамдардың не ойлантындығы толғандыру.
4. Сәтсіздіктен қорқу. Стартап бастап, банкротқа ұшырау - қорқыныш, бастамай-ақ қойған жақсы.

Тағы бір ерекшелігі - өміріңді өз қолыңнан шығарып алу. Сен үшін өзге біреу шешім қабылдайды, арман-мақсатың өзге біреудікі, өзге біреудің көмегімен жұмысқа кіресің, тіпті жасайтын іс-әрекетің де түбінде келгенде біреу үшін.

Өзімді қолға алам деп бекінген болсаң, бейшара болма! Бұл дегеніміз - өзіңді жақсы көру, лайықты екеніңді түсіну!

Сен жалғызсың, индивидуалды тұлға, эксклюзивті экземплярсың. Ендеше өзің үшін өз өміріңді қазірден бастап қолға ал!