Get Mystery Box with random crypto!

Сұрақ: сапар дегеніміз не және сапар намазы туралы толық мәлім | Shapagat

Сұрақ: сапар дегеніміз не және сапар намазы туралы толық мәлімет берсеңіздер. Жауап: сапар дегеніміз жолаушылық. Адам тұратын жерінен алыс жерге жолға шыққаннан бастап, жолаушы саналады. Жолаушының парыз намаздары қысқарады. Ғалымдардың есебі бойынша, жаяу жүрген адам үш күндік жол жүрсе, яғни, шамамен 85-90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, сапардағы адам болып саналады. Қазіргі замандағы көліктер де бұл үкімді өзгертпейді. Ғалымдардың берген пәтуасы осы. Дінімізде жеңілдік бар. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:«Жер жүзінде сапарда болған уақыттарыңда, кәпірлердің өздеріңе бір қастандық істеуінен қорықсаңдар, намаздарыңды қысқартуларыңда күнә жоқ»,- деген. («Ниса» сүресі, 101- аят) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сапарға шыққанда төрт рәкат намазын – екі рәкат етіп қысқартып оқығандығы жайлы көптеген хадистер бар. Яғни, төрт рәкат парыз намаздар екі рәкат етіліп оқылады. Ал, ақшам намазы мен таң намазы қысқартылмайды. Ескерту: Жолаушы тұрғылықты жерінен бөгде жерге барып, сол жерде он бес күн, яки одан да көп мерзім қалуға ниет етсе, тұрғын саналып, жолаушылық үкімінен шығады. Егер де он бес күннен аз қалуға ниет етсе, намаздарын қысқартып оқиды. Жолаушы адам жамағатпен сол жердегі тұрғылықты имамға ұйып намаз оқыса, намазды толық оқиды. Себебі имамға бағыну шарт. @fatua.kz