Get Mystery Box with random crypto!

Сезімнің сұлу сырлары 💕

Telegram арнасының логотипі sezim_kz — Сезімнің сұлу сырлары 💕 С
Telegram арнасының логотипі sezim_kz — Сезімнің сұлу сырлары 💕
Арна мекенжайы: @sezim_kz
Санаттар: Дәйексөздер , Блогтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 275
Арнадан сипаттама

● Сәлем досым..
● Арнамызға қош келдің.
● ұсыныстар жасаңыз
● Ұнаса тіркел.....
°админ ВП @Bek3011

Ratings & Reviews

3.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-07-15 05:38:48
285 views02:38
Ашу / Түсініктеме
2021-07-13 18:25:17
Conormacgregor
94 viewsedited  15:25
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 18:38:04
Conor Macgregor vs justin pure
@sezim_kz
#mma
117 views15:38
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 14:01:29 https://t.me/joinchat/twswRvLt1q4wMGVi
74 views11:01
Ашу / Түсініктеме
2021-07-12 13:59:39
76 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 07:55:57
8 views04:55
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 18:54:53
Парақшаға тіркелуді ұмытпаңыз

@sezim_kz

достар сиздермен болыским келды...
көп адамдардың көруіне сепепші боласыз ஜ═════ஜ۩۞۩ஜ═════ஜ 

#асыларна #намаз #парыз #ислам #субханаллах #алхамдулиллах #аллахуакбар #сүннет #хадис #дұға #құран #құранкәрім #уағыз #шариғат #дін #жамағат #сауап #құлшылық #ниет #асыларна
2.1K views15:54
Ашу / Түсініктеме
2021-07-07 18:48:37 ​​Алла Елшісі (ﷺ) былай деген: «Түс оны жорымайынша құстың аяғына ілінген жай ғана зат секілді тұра береді, ал жорыған соң ол міндетті түрде орындалады»
(Әбу Дәуд 5020, Ибн Мәжаһ 3914)

⠀@sezim_kz
Имам әл-Хаттаби: “Бұл мысалдың мағынасы түсті қалай жорысаң, солай болады дегенге саяды», - дейді.
(“Ма’әлим әс-Сунан” 4/140)

Ал сахабалардың бірі Әнас (р.а) Пайғамбарымыздың ﷺ былай деп айтқанын жеткізген: «Түсті қалай жорысаң, солай орындалады. Сондықтан егер түс көрсеңдер, оны ешкімге айтпаңдар. Немесе жөн-жосықты білетін білімді адамға ғана айтыңдар»
(әл-Хаким 4/391)

Айша анамыз (р.а) өзінің басынан өткен мына бір жағдайды еске алып былай дейді:
«Мәдинада тұратын бір әйелдің күйеуі саудагер еді. Ол сауда-саттық жасап, басқа қалаларға сапарлап кететін. Бір күні әлгі әйел Пайғамбарға ﷺ келіп:
- Менің жолдасым сауда жасау үшін сапарға шығып кетті. Ал өзімнің аяғым ауыр. Бүгін түсімде үйімнің табалдырығы сынғанын және іштегі баламның бір көзді болып туғанын көрдім. Бұл нені білдіреді, уа, Алланың Елшісі? – деді. Бұған Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла қаласа, сенің күйеуің тура жолды ұстанып, мол несібемен оралады және көп ұзамай балаңды да аман-есен бауырыңа басарсың», - деп жауап берді. Әлгі әйел бұл түсті бірнеше рет қайталап көрді. Бәрінде де Пайғамбарымыз ﷺ оған сол жауапты айтып шығарып салды. Көп ұзамай шынында да күйеуі ұзақ сапардан аман-есен оралып, ол баласын дүниеге әкелді.

Арада бірнеше жыл өткенде әлгі әйел сол сипаттағы түсті тағы да қайталап көрді. Бұл жолы да күйеуі алыс жолға шығып кеткен еді. Пайғамбарымызды ﷺ өз орнынан таппаған ол түсін маған айтты. Мен тыңдап болып, аз ойландым да:
- Күйеуің көп ұзамай дүние салады, - дедім.
Мұны естіген әйел жылап жіберді. Осы кезде Алла Елшісі ﷺ келіп не болғанын сұрады. Мен болған жайды айтып едім, Пайғамбар ﷺ: «Бұлай деме, о, Айша! Егер бауырларыңның түсін жоритын болсаңдар, оны өте кемел, жақсы түрде орындаңдар. Себебі, түсті қалай жорысаңдар, солай орындалады», - деді.
(әд-Дарими 2/131)

Демек, бұдан шығатын қорытынды, түс көрген адам онысын жөн білетін білімді адамға ғана айтуы керек немесе ең дұрысы, көрген түсін ешкімге айтпай, ішінде қалдыруына да болады. Сол кезде жаман түстің кесірі ешкімге тимейді.
150 views15:48
Ашу / Түсініктеме
2021-07-01 07:14:31 ​​ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ﷺ) РОМАНТИКАЛЫҚ ӨМІРІНЕН БІР ҮЗІК СЫР...

Әйелді еркелету, оған еркелеу әдісі...

Алла Елшісі (ﷺ) Айша анамызды «Аиш» немесе «Хумейра» деп атаған екен. Аиш дегені – «өміршең» дегені. Ал «Хумейра» дегені – қызыл өңді дегені. Жүзі қызғылт болғандықтан, осылай еркелетіпті.

Еркелету – нәзік жанның «осал» тұсы... Еркелету – босаңсытып жіберу емес. Керісінше, сезімін оятып, сүйіспеншілігін күшейту. Пайғамбарымыз (ﷺ) жарын еркелететін әрі оған еркелейтін.

Болашақ қалыңдыққа үйлену алдында оған неше түрлі «тәтті» сөздер айтып, сезімдерімізді білдіретініміз өтірік емес. Ал отау құрғаннан кейін «жаным», «асыл жарым», «сүйіктім», «сүйкімдім» деген «тегін» сөздерге сараң боп қалатынымыз түсініксіз... Неге? Өйткені, сезімді өшіретін де өсіретін де өзіміз екен...

Кейде бір ауыз жылы сөздің өзі шаңырақтың шырайын кіргізіп, отбасының берекесін арттыратыны ақиқат. Керісінше, бір ауыз сөз жүректерді суытады.

Жарыңды жақсы көретініңді жария айту.

Сахаба Амр ибн әл-Ас Алла Елшісінен (ﷺ): «Ең жақсы көретін адамыңыз кім?» – деп сұрағанда: «Айша», – деп жауап беріпті.

Әйелімізді жақсы көретінімізді өзгеге айту былай тұрсын, кейде өзіне айтуға «қысылып», сөз «шығындауда» сараңдығымыз жібермей қалатынын несіне жасырайық?!

Бірде Айша анамыз пайғамбарымыздан (ﷺ): «Уа, Алланың Елшісі! Мені қаншалықты жақсы көресіз?» – деп сұрайды. Сонда ол (ﷺ): «Мықты түйін мен жуан жіп секілді», – деген жауап қайырады.

– Уа, Алланың Елшісі! Сіздің түйініңіздің жағдайы қандай деңгейде?

– Ол өз орнында.

Осыдан кейін олар бір-бірінің сұлулығын сипаттайтын өлең-жырлар айтатын. Ауыздары берік болса да бір-бірін сүйіп, жүректегі шынайы сезімдерін білдіретін.

Пайғамбарымыз (ﷺ) бір күні Айшаға Умму Зарр туралы хикаяны баяндап, сөзінің соңын: «Умму Зарр Әбу Зарр үшін қандай болса, сол секілді сен де маған сондайсың», – деп аяқтайды. Күйеуінің бұл сөзіне орай өзінің де терең махаббатын білдірген ол: «Сен мен үшін Әбу Зарр Умму Заррға қымбат болғаннан да қымбатсың», – дейді. Бұл – «сіз мені жақсы көргеннен де қатты жақсы көремін» дегені.
@sezim_kz
136 views04:14
Ашу / Түсініктеме
2021-06-23 07:37:22
126 views04:37
Ашу / Түсініктеме