Get Mystery Box with random crypto!

СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ С
Telegram арнасының логотипі senzhalgyzemessin_aao — СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ
Арна мекенжайы: @senzhalgyzemessin_aao
Санаттар: Психология
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 16.62K
Арнадан сипаттама

Құрметті оқырман, каналға қош келдің!✨

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-11-14 10:37:34 Ал біз демалыстарыңыз пайдалы өтсін деген мақсатта «Сен жалғыз емессің» кітабынан алынған үзіндіні назарларыңызға ұсынамыз:

«Өкпе мен өкініш сезімі көбейген сайын адамның сезу қабілеті де төмендей береді екен. Ал өкпе-ренішті ұмытып, бар реніштен тазарған жандар тіпті ауаның тәтті екендігін сезеді, өмірдің кішкентай бір мезеттерінен ләззат ала бастайды»

Үзінді ұнаса, төменге өз ойыңызды жаза отырыңыз

#пайдалы_демалыс
1.3K viewsedited  07:37
Ашу / Түсініктеме
2021-11-14 10:34:31
Жексенбілік көңіл күйіңіз қалай?
Anonymous Poll
53%
Супер ғой
47%
Орташа
177 voters1.2K views07:34
Ашу / Түсініктеме
2021-11-10 04:35:23 Қайырлы таң! Бүгінгі күн бәріміз үшін сәтті, берекелі, жемісті өткей!
84 views01:35
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 09:49:25 Тест жауаптары сізбен сәйкес келді ме?
486 views06:49
Ашу / Түсініктеме
2021-11-09 09:48:44 ТЕСТ ЖАУАБЫ

1-лабиринт

Сіз үнемі барлығын кейінге шегеріп қоясыз. Тіпті қате қадам бассаңыз да, оны ешқашан мойындамайсыз. Ешқандай мәселеге мәселе деп қарамайсыз. Алайда мәселе үстіне мәселе жинала берсе, оның шешімін табу да күрделене түседі. Осылай жалғаса берсе "мәселелер сақталатын жәшігіңіз" де толып, ішіне ештеңе сыймай кетеді. Кез келген жағдайды уақытылы шешіп отыруға дағдыланыңыз. Одан бөлек сіз өте сезімтал жаратылыссыз. Көп нәрсені жүрекке жақын қабылдамауға тырысыңыз, сонда өзіңізге жеңіл болады.

2-лабиринт
Сіз шешім қабылдауда осалдық танытасыз. Мұны өзіңіз де байқамайсыз. Мәселе сіздің өткен шағыңызбен байланысты. Әлдекім өзіңізге деген сенімділігіңізді төмендеткен, сол себепті бойыңызда осындай кемшілік қалыптасқан. Қазір бір шеңбер бойымен ғана айналып, ары аса алмай жүрсіз. Үнемі өзіңізге ұнамайтын нәрсені таңдайсыз. Араласатын ортаңызды да өзіңіз шеше алмайсыз. Іште бір күш бұлқынып жатыр, бірақ оны сыртқа шығаруға дәрменіңіз жетпейді. Барлығын өзіңіз саралап, сараптайтын күйге жетсеңіз кемшіліктерден арыласыз.

3-лабиринт
Үнемі барлығын өз тұлғалық қасиетіңізге әкеп тірейсіз. Кез келген іс, әңгіме, ойлар, болып жатқанның барлығын өзіңізге қабылдайсыз. Сыртқы ортадағы сөздерді жайбарақат тыңдай алмайсыз, атыңызға айтылған сынды да қабылдай білмейсіз. Бұл қасиет сізді көп мәселеге душар етеді. Өзіңіздің шынайы бейнеңізді де қабылдау қиынға соғады. Өз эгоңызды шектеп, қоршаған ортаны тыңдауды үйреніңіз. Өзіңізді өзгеге ренжітуге жол бермеңіз, сөйте тұра олардың пікіріне құлақ асыңыз.

4-лабиринт
Сіз үшін тәуекелге бел байлау – қиынның қиыны. Тек өз жан қалауыңыз бойынша өмір сүресіз. Ішкі әлеміңіз бір өзгерісті қалайды, дегенмен оған да тәуекел ете алмайсыз. Кез келген өзгерісті, ұсынысты қорқа-қорқа тыңдайсыз. Оның зардабы өмір бойы алдыңыздан шығып отырады. Сондықтан кей-кейде болса да батыл шешімдер қабылдаудан қорықпаңыз.
557 views06:48
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 13:40:43
жауабыңыз
840 views10:40
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 12:36:09 Өз-өзіңізді қаншалықты танисыз? Мінезіңізді, біліміңізді, жалпы тұлғалық қасиетіңізді?

1-10 аралығында жазып өтіңіз

Сіздердің жауаптарыңыздан кейін өзіңізді тануға арналған психологиялық тест саламыз
1.0K views09:36
Ашу / Түсініктеме
2021-11-08 12:31:09
Қалайсыздар? Күндеріңіз қалай өтуде?
Anonymous Poll
38%
Бәрі күшті
35%
Апта сәтті басталды
27%
Орташа
205 voters1.1K views09:31
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 13:18:17 Ал сіз білесіз бе бүгін қандай күн екенін?

Бүгін қаншама қыздың бақытты тұрмыстық өмір құруына, білімді келін болуына көмектескен «ТҰРМЫСҚА ШЫҚПАС БҰРЫН» курсының сатылымы жабылатын күн.

Бүгін соңғы рет сатылады. Соңғы поток. Соңғы 10 орын қалды.

Егер өзіңізге орын алып үлгеремін десеңіз, төменге номеріңізді қалдырыңыз

Төменге номерін қалдырған телеграм оқырмандарымызға менеджерлер бірінші болып хабарласып, курс жайлы толық ақпарат береді
1.2K viewsedited  10:18
Ашу / Түсініктеме
2021-11-05 05:02:31 Қайырлы таң! Бүгінгі қасиетті жұмада тілеген тілек-дұғаларымыз қабыл болғай!

Күніміз сәтті өтсін! Ал сіздің таңғы көңіл-күйіңіз қандай?
1.7K views02:02
Ашу / Түсініктеме