Get Mystery Box with random crypto!

ТЕСТ ЖАУАБЫ Үйлі-баранды кез келген адамның басында болатын ж | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

ТЕСТ ЖАУАБЫ

Үйлі-баранды кез келген адамның басында болатын жағдай – үйге кеш келу. Отбасы болғаннан кейін ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды, ондай жағдайда екі жақ та аса сабырлылық танытып, бір-біріне кешіріммен қарай білгені жөн.

1-СУРЕТ Мұндай қылықты кешіре алмайсыз. Ұрыс шығарудан да тайынбайсыз. Қателігін бетіне баса отырып, оның алдында оған төзіп келген қылықтарын да түгел ақтарып айтасыз. Күйеуіңіздің басқан қадамынан есеп алып отыруды қалайсыз.

2-СУРЕТ
Әрине, жағдайға бейжай қарай алмайсыз. Алайда сол үшін жанжал шығарудың қажеті шамалы деген ойдасыз. Аздап күңкілдеп, өкпе-назыңызды білдіруіңіз мүмкін. Ал бұрыннан жиналған ренішіңізді «жабулы қазан» күйінде қалдырасыз.

3-СУРЕТ
Күйеуіңіз есіктен кіре сала сіздің ашулы түрмен күтіп тұрарыңызды біледі, тіпті есік ашуға бармауыңыз да мүмкін. Онымен сөйлеспей қоясыз, бір не екі күн «үндемес» ойынын ойнап жүре бересіз. Біраз уақыттан кейін татуласып кеткеніңізбен реті келгенде бұл жағдайды есіне салмай қоймайсыз.

4-СУРЕТ
Сіз үшін күйеудің кеш келуі алаңдайтын мәселе емес. Бастысы, аман-сау оралды, болды емес пе? Ол да ерігіп жүрген жоқ, жұмысында бөгеліп қалған болар деген оймен сабырлылық сақтайсыз.