Get Mystery Box with random crypto!

Кешегі сауалнамадан кейін “күйеуіме еркелей алмаймын”, “еркеле | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Кешегі сауалнамадан кейін
“күйеуіме еркелей алмаймын”, “еркелетпейді”, “қалай еркелеуге болады?”, “еркелесем, қабағын шытып шығады” сынды біраз хабарлама алдық.

Алтын қыздар, еркелей алу үшін, ең алдымен екеуара қарым-қатынас бірқалыпты, дұрыс болу керек. Яғни, еркелете алатын да, еркелей алатын да қатынастың тұрақтылығы маңызды

Осы орайда «Сен жалғыз емессің» кітабында жазылған бір шағын үзіндіні бергім келіп тұр:

«Адамдар әр түрлі, біз бір-бірімізге ұқсамаймыз. Өмір осынысымен қызық. Жаман мінез, жаман адам жоқ, тек бізде коммуникация құра алмау бар. Алла Тағала әділетті, Ол тек қана бір-біріне сай адамдарды ғана қосады. Бұл дегеніміз бір-бірінен кінәрат іздеп, мінезіміз сай емес деп, сезімдеріңе сызат түсіргенше, екеуара тіл табысуды үйрену керек. Сен ниетіңді түзеп, алғашқы қадамды жасашы, нәтижесін міндетті түрде көресің».

Үзінді ұнаса, төменге өз ойыңызды жаза кетіңіз