Get Mystery Box with random crypto!

Кеше орта маңызы жайлы тақырыпқа айтып-қосарларыңыз көп екенін | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

Кеше орта маңызы жайлы тақырыпқа айтып-қосарларыңыз көп екенін байқадым. Енді сіздерге сұрағым бар, неге дәл сол адамдардың жанында жүргіңіз келмейді?

Мысалы, егер сіз араласатын адамдар сіздің бойыңызда комплекс пайда болуына, өзіңізді ыңғайсыз сезінуіңізге, дамуыңызға кері әсерін тигізсе, ендеше сөзсіз ондай адамдармен араласуды доғара бастаған жөн.

Бірақ, шатастырып алмаңыздаршы. Сіздерге анаңызбен, күйеуіңізбен, әпкеңізбен араласпай кетпе демеймін. Себебі, сіздің жақын адамдарыңыз - ортаға жатпайды. Олардан қашып құтыла алмайсыз, тек олардың өзгеруіне өз үлесіңізді қоса аласыз. Бірге дамыңыз, кітап оқыңыз, пайдалы әрекеттермен айналысыңыздар, әйтеуір оларды жек көре бермеңіз, бірге өзгеру ешқашан кеш емес