Get Mystery Box with random crypto!

САМООЦЕНКАНЫ КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН 7 ӘДІС 1. Үнемі кешірім сұрай | СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ

САМООЦЕНКАНЫ КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН 7 ӘДІС

1. Үнемі кешірім сұрай беруді доғарыңыз
Мысалы, бір жерге кешігіп келсеңіз, “кешіккенім үшін кешірім сұраймын”-деп басыңызды төмендетпей, жымиып “Күткеніңіз үшін рақмет”-деп айтсаңыз болады. Әр істі минус емес, плюс жағынан қарастыруға тырысыңыз.

2. Таза ауада спортпен айналысыңыз
Денеңізді спортпен қыздырып, бітіміңізді қалыпқа келтіре бастағанда, өзіңізге деген құрметіңіз қалай артып кеткенін де аңғармай қаласыз

3. Өзіңізге күнделікті күтім жасаңыз
Бетіңізге, дене бітіміңізге, шашыңызға, киіміңізге, жейтін тамағыңызға дейін күтіп қараңыз.

4. Зона комфортадан шығыңыз
Төменгі самооценканы көтеруге көмектесетін тағы бір әдіс- өзіңізге ыңғайсыз іспен айналысу. Мысалы, таныс емес адамдармен тез сөйлесіп кете алмайсыз ба, керісінше, жаңа таныстық орнатып көріңіз. Ән айту менікі емес деп санасаңыз, ән айтып байқап көріңіз.

5. Үнемі ізденіс үстінде болыңыз
Жаңа іс бастау алғашқыда қиын болса да, білім алып, өзіңізге сенім артуды тоқтатпаңыз.

6. Жетістіктеріңізді жазып жүріңіз
Әр күн соңында өзіңіздің сол күнгі жетістіктеріңзді қағаз бетіне түсіріп отырыңыз. Кіші, үлкен деп бөлмей, жетістігіңізге риза болыңыз.

7. Әлсіз тұсыңыз бен мықты тұсыңызды бір-біріне қарсы қойыңыз
Өзіңіз жайлы жазу қиын болса, бұл ретте достарыңыз бен жақын адамдарыңыздың көмегін сұрасаңыз болады.

Ал, супер жаңалық дегеніміз ол сіздерге дайындаған 7 күндік челлендж!

Яғни, 7 күн бойы сіздерге 1 тапсырмадан беріп отырамын. Сол арқылы әрқайсымыз өзімізді бағалау бойынша ішкі әлемімізбен жұмыс істейтін боламыз. Бүгінгі бірінші тапсырма сағат 19:00-де шығады.

Ал енді пікірге өз ойларыңызды жаза кетіңіздер