Get Mystery Box with random crypto!

Сен кім үшін келдің екен жалғанға? Мен кім үшін сендім екен жа | Сенің тыныштығың

Сен кім үшін келдің екен жалғанға?
Мен кім үшін сендім екен жалғанға?
Мына жұрттың тең жартысы бақытты,
Мына жұрттың тең жартысы алданған.

Барлығының көңілінде күмән бар.
Барлығының өмірінде тұман бар.
Барлығының жүрегінде үміт бар.
Мені қойшы, сенің қандай кінәң бар?!

Қатты ғашық болуға да қорықтың.
Бауыр басып қалуға да қорықтың.
Неге, неге жерортада жолықтың?
Жүрегімді жатырқайтын болыппын.

Екі жанбыз, екі бөлек кеудеміз.
Екі заңбыз, екі түрлі пендеміз.
Құс жолымен ұшайық та жұмақтан,
Қол ұстасып түсейікші жерге біз.

Жерге қонақ болайықшы бес күнге.
Үміттенбей, үміт бермей ешкімге.
Ғашықтардың сезімі де ескірген.
Адамдардың сенімі де ескірген.

Қызыл іңір, ай мен күннің баласы.
Қызық өмір, тағдырлардың таласы
Махаббатпен маңдайыңнан сүйейін,
Қызғаныштан қабырғамды санашы.

 
(с) Ақжол Түменбай