Get Mystery Box with random crypto!

Жек көрем... Кектенген ыза, кептелген құрық, Салар ем таңып | Сенің тыныштығың

Жек көрем...

Кектенген ыза, кептелген құрық,
Салар ем таңып, басына құлып!
Айналсын жоққа, болмаған сынды-
Кетсе екен,тіпті, өмірден құрып!

Жек көрем оны, өзімнен бетер,
Ғайып боп қашан көзімнен кетер?!
Дауысым ішкі шырылдап жатыр:
«Шыдай тұр,шыда, жеңілме бекер!»

Шыдайын десем, шырылдап жүрек,
Шыдамай кетсем, ызыңдап тілек.
Дәрменсіз күйден басыма төнген
Жұтып-ақ кетсін қараңғы түнек!

Тілеуім жаман.
Шықты жан-паршам...
Қайтейін жалғыз жападан қалсам?!
Түн орап жатқан мезетте тыныш-
Ойымнан...
сосын Өзімнен қорқам...


Мереке ЗЕЙНОЛЛАҚЫЗЫ