Get Mystery Box with random crypto!

СӘ! #10 Мархаба Сәби — Арқаңа қанат байлап ал Білем, о | (с)өзімді түзетейін

СӘ! #10
Мархаба Сәби — Арқаңа қанат байлап ал






Білем, оңай емес екенін
Шындық кеп, құлағанда ертегің
Сұрақтардан құралғанда ертеңің
Білем, жеңіл емес екенін
Құм татығанда шекерің
Түсінген кезде көп заттың бекерін


Білемін, оңай емесін
Ішің жылап, сырт күлесің
Сөздерің таба алмай жүр ме егесін?
Білемін оңай емесін
Өзгерту ойдың өресін
Қызықты - қалыптан шыққанда көрерсің.

Құндылықтарды қайта қарап, өзіңді әрдайым тексеріп, қатеңді тауып отыру ОҢАЙ ЕМЕС, бірақ бұнсыз ДАМУ болмайды