Get Mystery Box with random crypto!

Әулием Шекспир

Telegram арнасының логотипі sekspeare — Әулием Шекспир Ә
Telegram арнасының логотипі sekspeare — Әулием Шекспир
Арна мекенжайы: @sekspeare
Санаттар: Ойын-сауықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2.41K
Арнадан сипаттама

Талантсыз жазушының күнделігіне қош келдіңіздер.

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-08-02 10:03:40 #рекомендейшн хэштегім бір аунап тұрсын деген ниеттің желісімен жаздым.

ГОНКА

Өткен ғасырдың 70 жылдары Формула-1 жарысының алтын дәуірі жүріп жатты. Өз уақытында ең танымал спорттардың бірі болды. Әр заманда әр спорттың Роналдуы мен Мессиі болған. Уот, сол жылдары Формула-1 жарысының нағыз майталмандары ағылшын Джеймс Хант пен австриялық Ники Лауда.

Қызықты әрі қауіпті. Себебі, бұл спорт – қателіктерді кешірмейді. Қателіктің құны карьераның аяқталуы немесе ӨЛІМ.

Джеймс Хант та, Ники Лауда да нағыз жындылар. Өмірін қауіп қатерге тіккендер. Екеуі де чемпиондар! Бірақ мінездері екі түрлі. Джеймс Хант той-думанды, ішіп жегенді, қыз қырқынды ұнатады. Ал Ники Лауда нағыз профи. Ішпейді, шекпейді. Өте ақылды. Есеппен жүреді. Ол үшін уақыт бірінші орында. Ерте ұйықтап, уақытында тұрады. Жеңіске жететін қабілеті де осы.

Фильмде адамгершілік пен өмірдің құндылығы жақсы көрсетіледі. Екеуі бұл спортта бір-бірін кезек-кезек ұтады. Бір-біріне ауыр сөздер айтады. Бір-бірін чемпиондыққа жетелейді.

Ники Лауда бір сөзінде: Джеймс, білесің бе? Мен неге чемпионмын? Мен бұл спортты сүйемін. Мен сен секілді ішімдік ішпеймін, шылым шекпеймін. Маған қыз-қырқын, ойын сауық қызық емес.

Арада уақыт өтеді. Сосын Джеймс Хант сөйлейді: Ники, сен жеңісіңнің қызығын көрмесең жеңіп алған миллиондаған кубоктар мен медальдардың не мәні бар?

КӨРІҢІЗДЕР!
1.6K viewsedited  07:03
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 10:02:49 Мен кеше бір фильм көрдім. Кеше деп бөліп жарғаным, бұған дейін қашан және қандай фильмнен әсер алғаным есімде жоқ. Кейде бір фильм мені аңдып жүргендей болады. ВК-дан да, тикток пен ютубтан да үзінділері шыға береді. Бір досың ұсынып қалады. Автобуста немесе метрода біреулердің сол фильм жайлы талқылап отырғанын естіп қаласың. Әйтеуір ол фильмді бір көретініңді білесің, бірақ қашан?
736 viewsedited  07:02
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:44:05 Менің үйленетін қызым бар. Енді жүретін қыз керек болып жүр
790 views05:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:41:28 Азанда сыртқа шығып, дүкенге барып 3500 тг құртып қойыппын. Енді сыртқа шыққым келмей қалды.
777 views05:41
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:16:18
Мына кісі 4 жыл тауға шыққан. Күннің сәулесі бетін қалай өзгерткенін қарашы. Күннің қауіпі барын енді біліп жатырмын. Ол рак ауруына да себепші бола алады. Күннің астында көп жүретін кезде SPF жағуды әдетке айналдыру керек
793 views05:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 08:15:32
Мына кісі 28 жыл грузовик айдаған. Көліктің бір жағынан түскен күннің бетін қалай өзгерткенін қарашы. Күннің қауіпі барын енді біліп жатырм. Ол рак ауруына да себепші бола алады. Күннің астында көп жүретін кезде SPF жағуды әдетке айналдыру керек
767 views05:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-02 07:58:37 Адамдардың тауға шыққанын қаласаң, оларды мәжбүрлеме. Ең дұрысы оларды тауға ғашық қыл. Содан соң өздері-ақ тауға шығады.
785 views04:58
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 20:52:55 11 - күн #құйсенбі КҮТПЕГЕН ОҚИҒА: ҚАДІРДІҢ ӨЛІМІ! Лібә, тоқтай тұрыңдарш, өзім де жылап алайын... Үһһ, болдым... Иә, солай, біздің Қадір өлді... Көрші ауылда үш күн жатып ішіп, үйге қайтқаннан кейін, бес күн үзіліс жасап, қатыныма арқамды тыр-тыр қасытып…
265 views17:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 16:52:53
Таңғалам Алматының ауа райына
541 views13:52
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 16:10:18
Недерімді білмеймін
611 views13:10
Ашу / Түсініктеме