Get Mystery Box with random crypto!

24.03.2022 Қазақстан тарихы: 1) 1868 жылы әскери губернатор | ЛИМОН

24.03.2022

Қазақстан тарихы:
1) 1868 жылы әскери губернатор Г.А.Колпаковскийдің Уақытша ережесі бойынша шаруаларды қоныстандырған аймақ:
Жауабы: Жетісу
2) Әлемдік деңгейдегі ғалым ретінде танылған ұстаз:
Жауабы: Әл-Фараби
3) ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласында пайда болған әлеуметтік топ:
Жауабы: жалдамалы жұмысшы
4) 1917 жылы желтоқсанда ІІ-ші жалпықазақ сьезі өткен қала:
Жауабы: Орынбор
5) Қимақ мемлекетінің ыдырау себептерінің бірі:
Жауабы: Қыпшақ көсемдерінің дербес мемлекет үшін күрес жүргізуі
6) ХҮ ғасырдың ІІ жартысынан бастап Керей мен Жәнібек сұлтандардың сыртқы саясатының басты мақсаты:
Жауабы: Сырдария аумағына билік орнату
7) ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жолындағы күреске басшылық етті:
Жауабы: Ж.Тіленшіұлы
8) ХІ ғасырда Қазақстанның басым бөлігінде өз үстемдігін орнатқан хандық:
Жауабы: Қыпшақ
9) Қазақстанда ұйымдастырудың зардабы:
Жауабы: Қазақ халқы санының кемуі
10) Оңтүстік Кавказдағы үстемдік үшін әскери қақтығысқа түскен Алтын Орда ханы:
Жауабы: Берке
11) Ерте Орта ғасырда көшпенділермен арадағы айырбас сауда жүргізген қалалар:
Жауабы: Испиджаб, Отырар
12) Ірі сауда орталығы болған Суяб қаласы орналасқан аймақ:
Жауабы: Шу бойы
13) Халықаралық саудада маңызды болды:
Жауабы: Суяб теңгесі
14) Орта ғасырларда Қазақстан аумағында қалыптасқан сауда бағыттарын анықтаңыз:
Жауабы: үш бағытта
15) Орта Азия, Қытай, Византия елдерімен халықаралық сауда байланысын орнатқан ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардағы мемлекеттер:
Жауабы: Батыс Түрік, Түргеш

Оқу сауаттылық :
Мәтінді асықпай оқып отырып сұраққа жауап берсеңғана 20/20 жинайсың...)

Математикалық сауаттылық :
1) Санды 2 еселеп, шыққан нәтижені 4-ке кеміткенде 3.2 шықты. Бастапқы санды тап:
Жауабы: 3.6
2) Қызынақтың 90%-ы су, 400 гр қызынақтың бастапқы массасы қанша:
Жауабы: 40 гр
3) 1 бактерия секундына 2 есе көбейеді, 10 секундта қанша болады:
Жауабы: 1024
4) Радиусы 2 дм, биіктігі 4 дм, цилиндр тәріздес вазаның ішіне қанша литр су сияды (п~3):
Жауабы: 48 л
5) Қыры 30 см куб тәріздес қораптың қақпағы жоқ. Сыртын бояу керек, боялған жерінің ауданын тап:
Жауабы: 4500 см²
6) Өнімнің 40%-ы бір жерге, ал қалғаны 3:25:8 қатынасымен үш қоймаға жіберілді. Егер бірінші қоймаға үшінші қоймаға қарағанда 40 т өнім аз жіберілсе бастапқы барлық өнімді табыңыз:
Жауабы: 480 т
7) Кітапты нөмірлеуге 2929 цифр қолданылды. Кітап қанша беттен тұрады:
Жауабы: 1009
Есімде бары осы...)

Дүниежүзі тарихы :
1) Ежелгі Русьте жазылған белгісіз автордың поэзиялық еңбегі:
Жауабы: Игорь жасағы туралы дастан(1185 жылы)
2) Өркениет сөзінің ұғымдарының бірі:
Жауабы: Адамзат дамуының кезеңі
3) Қазіргі уақытқа дейін бірқалыпты халқын(өз халқын) сақтап келе жатқан мемлекет:
Жауабы: Жапония
4) Этнологиямен қатар:
Жауабы: Этнография
5) Араб көктемі революция өткен елдің бірін тап:
Жауабы: (Солтүстік Африка елі)
6) Сербия королі Милошевичтың басты мақсаты:
Жауабы: Елдің тәуелсіздігін сақтап қалу
7) 1858 жылы Ресейге Амур өзенінің сол жағасы берілген шарт:
Жауабы: Айгүн
8) Социалистік тұрғыда болашақты елестетуге болатын бағыт?
Жауабы: Марксизм(Карл Макс)
9) 2001 жылы 11 қыркүйекте болған оқиға:
Жауабы: Нью-Юорктегі сауда үйіне шабуыл
10) 1751-1780 жылдары "Энциклопедия" немесе түсіндірме сөздік қай бағытта жазылды:
Жауабы: Ғылым, Өнер, Кәсіп
11) Орта ғасырларда Еуропаға Қытайдан жеткен тауарлар:
Жауабы: Фарфор ыдысы, Жібек мата, Дәмдеуіш
12) Осман империясының серб, болгар жерлеріндегі жүргізген реформасы:
Жауабы: Христиан шіркеулеріне тыйым салды
Есімде бары осы...)