Get Mystery Box with random crypto!

Қазір есімде бар мәліметтерден. 1. Сағынтаев. Үкімет басшысы | Samal.LIVE

Қазір есімде бар мәліметтерден.

1. Сағынтаев. Үкімет басшысы болды, дым бітірген жоқ. Күні бойы жиналыс өткізіп, министрлерге маза бермейтін. Дәл Сағынтаев үкімет басшысы болған жылдары экономикалық блок құлдырап, әркім ойына келгенін жасап кетті. Сосын Алматы қаласының әкімі де болды. Не бітірді? Қазір бүкіл былығы шығып жатыр, әлі шығады да.
2. Тоғжанов. Маңғыстау облысының әкімі болды, Жаңаөзеннің жағдайын ушықтырып кеткен осы адам деп санаймын. Дәл осы азаматтың тұсында газға түрлі делдалдар пайда болды. Үкімет басшысының орынбасары болды. Білім саласы мен денсаулық саласындағы “движенияларын” құқық қорғау органдары әлі де зерттелуі тиіс.
3. Атамқұлов. Бүгін Елші болып тағайындалыпты. Әкім болды, соңғы қызметі білдей министр болды. Утильсборға қатысты барлық бұйрықтарға қол қойып, жоғарыдан түскен тапсырмаларды бұлқ етпей орындап отырды. Салаға, елге жаны ашып, бір тіршілік тындырғанын көрмедім. Инвестицияның ең құлдыраған кезеңі осы тұлғамен тікелей байланысты деп санаймын.

Бұл менің жеке ойым. Егер уақыт болып жатса, әрқайсысы бойынша журналистік зерттеу жүргізіп, кейспен талқылауға болады.

https://t.me/samalibrayeva