Get Mystery Box with random crypto!

8 млн адамның кредитін кім жабады? Қазақ тілін қорлаған Рамиль | Samal.LIVE

8 млн адамның кредитін кім жабады? Қазақ тілін қорлаған Рамиль сотталсын ба? Маңғыстаудағы ереуіл.

Бұл аптада араға 13 жыл салып 25 қазан - Республика күні қайта тойланып жатыр. Алайда тарихи маңызды мереке ту ұстаған флешмобтармен тоқтайтын сияқты... Қазақ тілін кемсіте сөйлеген Рамиль оңай құтылайын деп тұрған жоқ. Депутаттар оның үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады. Қаңтарда ұсталған журналист Әйгерім Тілеужан күдікке ілінді.

Ал Президенттікке ұмтылған кандидаттар үгіт-насихат жұмысын бастап кетті. Өтпей қалған Нұржан Әлтаев ОСК-мен күресін тоқтатқан жоқ, әлі "мұқала" қоймады...

Қазақстандықтардың қаншасы несиенің қорасына кірген? Олар банктерге неше теңге қарыз? Несиеге батқан халық банк құлдығынан қалай шығады? Тоқаев несиелерді жабу бойынша қандай ұсыныс бермек? Ұлысаптадан көріңіз.