Get Mystery Box with random crypto!

Сіз кімсіз, Жигули мырза?! Қайран қалдырған Қайраттардың ісі. | Samal.LIVE

Сіз кімсіз, Жигули мырза?! Қайран қалдырған Қайраттардың ісі. Ресей мобилизациясы нені меңзейді?.. - Ұлыс-апта шолуында

Бұл жолғы материалымызда Президенттікке таласатын алғашқы үміткердің есімі белгілі болғаны, кибер шабуыл, Ғалымжан Жақияновтың Қазақстанға оралуы, қаңтар құрбандары басқа да маңызды жаңалықтар қамтылады.

Сонымен қатар жоғары лауазымға алғашқы үміткер Жигкли Дайрабаев туралы деректерді ұсынамыз. Екінші кандидат Нұрлан Әуесбаевтың кімнің қуыршағы екені Сізге де қызық болар? Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай президентке кандидат болып неге тіркеле алмады? Ғалымжан Жақиянов “үлкен саясатқа” орала ма? Байбек, үлкен Нығматуллиндерге “қылмыстық іс” қозғалды деген ақпаратқа Бас прокуратура не айтты? Бұл сауалдар да біздің эфирімізден тыс қалған жоқ.

Қайрат Сатыбалдыға алты жыл берген судьяның түсіндірмесі, олигарх Қайрат Боранбаевтың ісі – қоғам қалт жібермей күтіп отырған тақырыптар.

Qazaq Gaz-дан 14,5 млрд теңге ұрланған. Компанияның экс-басшысы Қайрат Шәріпбаев неге жауапқа тартылмады? “Дикий Арманға” жаңа айып тағылды. Білгіңіз келсе, бізге үңіліңіз.

Қаңтар қырғынына қайта оралдық. Қырғыз музыканты Алматыға келіп, өзін азаптаған 10 полицейді танып қойыпты.

Өткен аптаның басты жаңалығы болған – Ресей мобилизациясының салдары Қазақстанға да салқынын тигізіп жатыр. Өйткені, теріскейден үдере көшкен сары жұрт үшін арнайы ЦОН аштық. Олардың саны да айқындалды...

Қазақстандағы кибершабуыл – Ұлысмедианың ақпараттық саясаты кімге ұнамауы мүмкін? Ddos-атака. Бұл аз десеңіз, елдегі басты цифрлық шарада жарық өшіп қалды. Парадокс. Бағдат Мусиннің “фэйлы”, әлде пейілі...

Айтпақшы, Әлия Назарбаевамен кино түсірген Ақан Сатаев Қазақфильмнің басшылығынан кетті...