Get Mystery Box with random crypto!

Қымбатты достар, құрметті оқырман! Бізбен бірге тура бір жыл | Samal.LIVE

Қымбатты достар, құрметті оқырман!

Бізбен бірге тура бір жыл болып, бізді оқып, бізге жазылып, қашанда қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет.

Бір жыл өте шықты. Ақпараттың ағыны осындай болатынын кім білген. Қанды қаңтар қазақ журналистикасына үлкен серпін бергені рас.

Дегенмен, мен нағыз оптимистпін. Қазақ елінің жарқын келешегіне сенемін және ол үшін қашанда аянбай еңбек етуге, күресуге қашанда дайынмын.

Ұлысмедиаға бүгін бір жол толып отыр. Оңай болған жоқ, оңай болмайды да. Бірақ біз бір орында тұрмаймыз. Бүгін сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасы іске қосылып отыр. Сонымен қатар, зерттеулер мен сараптама үшін Ulys Research арнайы жобасын жүзеге асырғалы отырмыз.

Алда талай қызықтар болады, әліміз келгенше сапалы контент беруге тырысамыз.

Бізбен бірге болыңыздар.

https://t.me/ulysmediatg