Get Mystery Box with random crypto!

Сингапур 'Сингапур Республикасына сапарымыздан алған әсерім | Salem, Kazakhstan 🇰🇿

Сингапур
"Сингапур Республикасына сапарымыздан алған әсеріміз жақын арада ұмытылмасы анық" деп жазыппын 2015 жылы. Рас екен, бəрі есімде . Сөздің шыны керек, еңбекқор халқы да, адал басшылары да құрметтеуге әбден лайық. Маргарет Тэтчердің өзі «Кезінде Сингапур Ұлыбританиядан үйренуші еді, ал енді біз Сингапурдан үйренетін болдық» деуі бекер емес екен.
Төменде бұл қала-мемлекет туралы негізгі ақпаратты жинақтауға тырыстым:
- Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан. 63 аралдан тұрады. Халық саны – 5,3 млн. Халық тығыздығы жөнінен әлемде 2-орында. Жан басына шаққандағы ЖІӨ (номиналды) – 56 000 АҚШ доллары.
- Ұлттық валютасы – сингапурлық доллар (S$, SGD).
- Сингапурда 4 ресми тіл бар: ағылшын, қытай (путунхуа), малай және тамиль.
- Климаты – экваторлық. Ауа өте ылғалды. Жаңбыр жиі жауады. Қараша айында 31-34 градус болды.
- Сингапур еліне «экономикалық ғажайыпты» әкелген – Ли Куан Ю (1923-2015). Ол 40 жылдан астам премьер-министр болып, жемқорлықты жоюға ерекше үлес қосқан. «From Third World to First: 1965-2000» кітабы мемлекеттік басқару пен экономикаға қызығатын адамдар үшін оқуға міндетті.
- Ли Куан Юдың үлкен ұлы Ли Сяньлун Сингапурдың қазіргі премьер-министрі. Ол басқаратын үкімет тиімділігі бойынша әлемнің ондығына Сингапурды екі сөзбен сипатта десе, «ТӘРТІП және ТАЗАЛЫҚ» дер едім. Бұл елде мұнай да, газ да, минералды ресурстар да жоқ. Тіпті ауыз суды Малайзиядан сатып алуға мәжбүр. Десе де СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫ:
- Әлем бойынша бәсекеге қабілеттілігі бойынша 2-орында;
- Адами даму индексі өте жоғары, әлемде 9-орында;
- Бизнес жүргізуге ең қолайлы мемлекет. Doing Business рейтінгісінде 1-орында;
- Сатып алу қабілетін ескергендегі жан басына шаққан ЖІӨ бойынша 3-орында;
- Қылмыс жасау деңгейі төмендігі жөнінен әлемде 5-орында;
- Сингапурдың Чанги әуежайы соңғы 22 жыл бойы әлемнің ең үздік әуежайларының қатарында;
- Singapore Airlines – 2017 жылдың рейтингісінде 2-орында (2016 – 3-орын) және бұл тізімді «ең, ең, ең» деп жалғастыра беруге болады.
https://www.instagram.com/kazakh_traveler