Get Mystery Box with random crypto!

АЛТАЙ БЕРІШТІҢ КЕЗЕКТІ ЖАЛАСЫНА ЖАУАП Алтай Беріш деген бала | Путь Саляфов

АЛТАЙ БЕРІШТІҢ КЕЗЕКТІ ЖАЛАСЫНА ЖАУАП

Алтай Беріш деген бала шейх Мухаммад ибн Һәди сағафиқаларды бидғатқа шығарды деп, оның сөзін бұрмалап, оның атынан тағы да жала жауып отыр. Біз осы видеода шейх Мухаммадтың өзінің сөзі арқылы Алтайдың бітпейтін өтіріктері мен тәлбистерінің (бұрмалауларының) біріне жауап беретін боламыз. Аллаһ Тағала Алтайға және оның артынан соқыр ерушілерге һидаят берсін, әмин.

Осы жерде Алтайға бірнеше сұрақ:

1. Шейх Мухаммад "мен ешкімді бидғатқа шығармадым" десе, сен қалайша оның атынан үкім етіп "жоқ ол шығарды" деп айтасың?!

2. Сен өзің "Мухаммад ибн Һәдидің партиясы" деген сөздерің арқылы шейх Мухаммадты және оны жақтаушылардың өзін сүннеттен шығарып жатқан жоқсың ба?! Кім саған рұқсат берді сәләфилерді бидғатқа шығаруға немесе кем дегенде қай ғалым айтқан екен оларды сүннеттен шығып кетті деп?!

3. Сенің қағидаң бойынша сектанттыққа сендер лайықтырақ емессіңдер ма?! Себебі сендер (сағафиқалар) емес пе «біз шейх Рабимен біргеміз, Мухаммад ибн Һәдиге қарсымыз» деген қағаздар мен баяндарға қол қойып шыққан?! Тіпті сен өзің Қазақстанның сәләфилерінің атынан шейх Мухаммадқа қарсы жазылған баян шығарғың келді емес пе?!

4. Екі мағыналы (мутәшәбиһ) сөзге жабысып, оны өз қалауыңша бұрмалау – Аллаһ Тағала (әли Имран, 7-аятта) және пайғамбарымыз ﷺ (Айша анамыздың хадисінде) сақтандырған жер бетінде фитна қалаушыларлың жолынан емес пе?!

5. Сосын саған шейх Мухаммад қозф жасады (зинамен айыптады) деп кім айтты? Сен сотсың ба әлде шариғи соттың (шейх Мухаммадты ақтап шыққан) үкіміне бағынбайтын хауариждердің бірісің бе?

6. Содан соң қозф қылу – адасушылық (заблуждение) емес, үлкен күнәлардың бірі екендігі сәләфи манһажды жаңадан түсініп келе жатқан әрбір мұсылманға мәлім дүниеғой. Қалайша ол нәрсе сен сияқты магистратурада оқып жатқан адамға жасырын қалды екен, әлде өзіңнің ұстанымыңды жақтап шығу үшін айдан анық нәрселерді де бұрмалаудан тайынбайтын болғансың ба?!

7. Сендер осы уақытқа дейін шейх Мухаммадтың ең басты проблемасы "қозф" қылғаны деп келдіңдер де, шейх ақталып шыққан соң "басты проблемасы қозф емес" деп басқаша сөйлеп кеткендеріңді қалай түсінеміз?!

Алтайдың бір минуттық записінің өзінде жіберген қателері мен бұрмалаушылықтары осындай дәрежеде көп болып жатса, сабағына толық тоқталатын болсақ қаншама былықтары атып шығатынын елестете де алмаймыз...

http://t.me/ansorussunna