Get Mystery Box with random crypto!

КІТАП - АҚЫЛДЫ ҚУАТТАНДЫРАТЫН ҚҰРАЛ ⠀ Осыдан 11 жыл бұрын ме | КРИЗИСТЕН ШЫҒАТЫН ЖОЛ

КІТАП - АҚЫЛДЫ ҚУАТТАНДЫРАТЫН ҚҰРАЛ

Осыдан 11 жыл бұрын мен магазин бизнесін енді бастағанымда тәжірибем аз болған соң өз бетімше материалдар іздедім, өкінішке орай магазин кәсібі туралы қазақша жазылған оқулық мүлдем жоқ болды.
Маған қазақ тілінде оқулық болмағаны қатты қиынға соқты.

Бірақ, мен еңсемді тіктеп, мойымауға бекіндім. Шет және орыс тілді кітаптарын алып, оларды қазақ тіліне аударып оқыдым, солай өз-өзімді магазин саласында үздіксіз дамыттым

Бір өкініштісі , ақпараттың қазақ тілінде жоқтығы (бұл проблема) елімізде әлі де жалғасып келе жатыр.
Мен магазин бизнесімен айналысатын қазақ кәсіпкерлеріне көмек ретінде осы ритейл саласының дамуына өз үлесімді қосып, осы мәселені шешу үшін кітап шығаруға бел будым.

Бұл кітап - магазин бизнесімен айналысатын әр кәсіпкер бауырыма көмектесетініне сенімдімін

Менің шығарғалы жатқан кітабымның басты мақсаты :
Магазин кәсіпкерлерінің коммерциялық және қаржылық сауаттылығын ашу;
Магазиннің сатылымын көтеруді нақтылау;
Қалай клиенттерді ұстап қалу керектігін білу;
Ассортиментті басқару әдісін айқындау;
Поставщиктермен келіс сөз жүргізу әдістерін көрсету;
Конкуренттердің ішінде қалай ерекшелену жолдарын үйрету;
Ай сайынғы табысты басқару;
Сауданы бюджеттік жоспарлау;
Жарнаманың тиімділігін арттыруды магазин бизнесмендеріне кітап арқылы машықтандыру .

Менің аталмыш туындым қазақ аудиториясындағы магазин кәсіпкерлерінің үлкен қуанышына айналатына сенім білдіремін , өйткені бұл кітап магазин саласындағы қазақ тілінде басылған алғашқы бизнес-әдебиет болмақ

Енді Сіздерден маған кері байланыс керек:
Кітапқа қандай ат қояр едіңіз?
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз

Кітапқа керемет атау берген жанға 5000 тг сыйлаймын

Менің инста парақшама өтіп өз пікіріңізді білдірсеңіз болады

#кітапбілімбұлағы
#магазин #дүкен