Get Mystery Box with random crypto!

Осы отыз жылдықтан кейін 'Тәуелсіз Қазақстан' деп айта бергенд | Скромный, Великолепный

Осы отыз жылдықтан кейін "Тәуелсіз Қазақстан" деп айта бергенді қояйық. Бала жүріп үйренсе, қуанамыз. Одан кейін өмір бойы "Жүретін бала" демейміз ғой. АҚШ та тәуелсіздік алған бір кездері. Қазір енді "Тәуелсіз АҚШ" десе, қалай күлкілі естілер еді? Ол түгілі, бізбен бірге КСРО құрамынан шыққан Украина да "Тәуелсіз Украина" деп айта бермейді.

Біздің Тәуелсіздігіміз ендігі ұрпақ үшін қалыпты жағдай болсын. Советті көрген, әлі де билікте отырған кісілер отыз жыл бойы аффирмация айтқандай, осы сөзді қайталап келді. Шындығында ол іштей тәуелді адамдардың комплексі болуы да мүмкін бе?
Қазақ еліне Алла жар болсын!!!

Арман Әлменбет