Get Mystery Box with random crypto!

Бара алмаған жолдар бар, барғым келер, Тама алмаған жанарда жа | Скромный, Великолепный

Бара алмаған жолдар бар, барғым келер,
Тама алмаған жанарда жаңбыр да өлер...
Адамдар көп, байқаймын, айналамда -
Амандықтан аспайды әңгімелер...

Қол бермесем - қалды дер құлашты аяп,
Жақсы десем жағдайым, растай-ақ!
Жан болса ғой, хат жазып жіберетін,
Аман-саулық, күн райын сұраспай-ақ...

Менің жалғыз жағдайым, дертім - жүрек,
Жақсымын деп, жүректі өлтірдім көп.
Өлең жазып отырмын хат орнына,
Босап қалған кеудені толтырғым кеп.

Көре алатын жан таппай жанарсыз да,
Көнді көңіл ызғарға, санам - сызға.
Ал адам көп...
Адам көп айналамда:
- Сәлеметсіз?
- Қалайсыз?
- Амансыз ба?

Жадыра Байбұланова