Get Mystery Box with random crypto!

Осыдан екі күн бұрынғы состоянием быт-шыт болған. Ішім ала-дүл | Бақытбай Сабырбеков 😎

Осыдан екі күн бұрынғы состоянием быт-шыт болған. Ішім ала-дүлей, вроде бы все ок, бірақ бір түсініксіз состояние… Себебі өткен жұмада “Бизнес тактика” курсының алғашқы master mind-ы өтті.

Келген студенттердің алдына шығуға небәрі бір сағат қалған еді. Денемде түсініксіз процесс басталды: бірде қобалжимын, бірде қорқыныш сезімі жаулап алады, алақандарым қатты терлейді... Состояниемді бақыладым, қабылдадым, и біраздан соң қуаныш сезімі орын алды. Себебі мен залға кіріп келгенде туыстарымды, жақындарымды көргендей болдым.

Олар сондай көп, сондай тату, позитивті, бастысы мы на одной волне. Залға кіргендегі атмосфера сондай жылы болды.
Көздері жарқырап, жайнап тұрған, білім алуға, әрекет етуге ниеттері бешенный адамдарды көрдім…
Отбасым жаңа адамдармен толыққандай.

Мен ғашық болғандаймын. Біз енді бір жыл, 365 күн бірге боламыз. Мен оларға басқаша ашылып, барымды бере аламын. Асықпай, аптықпай, детально…Себебі бізде уақыт көп.

“Неге мен осындай бір жылдық жобаны бұрыннан бері бастамадым? Неге ертерек жасамадым?” деген өкініш болды. Бірақ іштей өзімді жегідей жеуге уақыт жоқ, өткенді еске түсіруге де уақыт кетіргім келмеді. “Дәл қазір және дәл осы сәттемін!” дедім де есімді тез жиып алдым.
Сол күні біз бірге START жасадық… Ұшуға

Отбасым рақмет