Get Mystery Box with random crypto!

Jah Khalib-ті танымайтын адам жоқ шығар. Егер білмесеңіздер ән | письмо незнакомке

Jah Khalib-ті танымайтын адам жоқ шығар. Егер білмесеңіздер әнші.

Оның әндері маған қатты ұнайды. Арасында тыңдап тұрамын. Өзі де тұлға ретінде маған ұнайды.

Ұнағаны соншалық Алматы қаласында 19-20 тамыз болатын концертіне барғым келіп кетті. Бағасы арзан емес.

Содан әкемнен рұқсат сұрадым. Ақшасын өзім төлеймін деп қоямын)) Барсам қалай қарайсыз дедім.

Оның берген жауабы:

«Кез-келген істі бастамас бұрын, бұл нәрсенің менің дүниеме және ақыретіме қандай пайдасы бар деген сұрақты қой. Сонда жауабын қара. Ойлан. Өзің шешім шығар»

Ойланып қарасам екі дүниеденде минусқа кіреді екенмін:
-Күнә
-Уақыт
-Ақша
-Әкемнің көңілі, абыройы
-Хиджабтың абыройы, діннің абыройы…
Айта берсең көп. Өзіме сабақ болып, түртіп алдым. Сіздерге де үлгі болсын