Get Mystery Box with random crypto!

​​Кітап туралы пікір! Менің есімім Абдумуратова Рахила. С | Рухани жаңару

​​Кітап туралы пікір!

Менің есімім Абдумуратова Рахила. Сенуші отбасында дүниеге келдім. Жасым 18де. Нұрсұлтан қаласы “Барлық ұлттарға арналған сиыну үйінен” боламын. Қауым мүшесімен. Жексенбілік мектепте сабақ беремін.
Мен бұл кітапты Атырау қаласындағы конференция уақытында алдым.
Өмірімде болашағыма байланысты көптеген сұрақтар туындап жүрді. Және қазірдің өзінде ішкі жан дүниемде көптеген күрес болып жатты. Жылдар бойы шеше алмай жүрген сұрақтарды Құдай осы кітап арқылы менің жүрегімде ішкі жан дүниемде жұмыс істеді. Осы кітап арқылы мен өзімнің Құдай алдында қандай қымбат бағалы адам екенімді түсіндім.
Кітап өте жақсы жазылған. Яғни оқылуға ыңғайлы оңай және өте түсінікті жазған. Екі автор кітап жазар алдында қыздарға белгілі бір сұрақ қойып солардың ойларын біліп дискуссия жасаған және солардың ойлары, куәліктері, өмірлерінде көрген қиыншылықтары арқылы жазылған бұл кітап әрбір оқыған адамның жүрегінен орын алады. Және рухани өсу жағынан көптеген көмек болатыны сөзсіз.
Негізінде бірінші орында мен үшін карьера еді. Бірақ осы кітапты оқығаннан кейін, бүкіл жоспарым 90%-ға түбегейлі өзгерді. Осы кітапты алып, уақыт бөліп оқығаным үшін Құдайға алғыс!
Қазіргі таңда қаншама сенуші қыздардың өзі өмірлік орындарын таба алмай жүргендер өте көп. Мен сияқты қаншама қыздар ішкі жан дүниелеріндегі сұрақтарды шеше алмай жүр. Соған байланысты көбісі рухани әлсіреуде. Болашақта Құдай қаласа Наурыз айында қыздармен семинар жасап осы кітапты тереңірек талқылауға дайындалып жатырмыз. Осы кітап арқылы көптеген қыздарға тәлім тәрбие беруге көмегін тигізеді.

Кітапқа төмендегі батырма арқылы өтіп, тапсырыс беруге болады.

@ruh_zhan