Get Mystery Box with random crypto!

​​ Міне қызық! - Иерусалимге барар жолда Иса бір ауылға кірд | Рухани жаңару

​​ Міне қызық!

- Иерусалимге барар жолда Иса бір ауылға кірді. Сол жерде Оны алапеспен ауырған он кісі кезіктірді. Олар алыста тұрып: "Иса ұстаз! Бізге рақым ете көріңіз!" деп айқайлады. Оларды көрген Иса: "Барып діни қызметкерлерге көрініңдер деді."

Неліктен діни қызметкерлерге көріну керек болды?

- Сол кездегі келісім бойынша, егер олар шынымен сауыққан болса, заң бойынша оларды таза деп жариялау үшін олар діни қызметкерге көрінуге тиіс болатын.

- Ал керісінше, қарап шыққаннан соң олардың денесінен алапестіктен сауықпағандық белгісін тапса оларды таза емес деп жариялауға тиіс болатын. Себебі алапестіктің кез-келген түрінен тазармаған адам қоғамның бір бөлігі болуға тиым салынған.

- Егер діни қызметкер адамды таза деп жарияласа, ол қоғамға қосылып, тазарғанының белгісі ретінде құрбандық шалатын. Әдетте екі құс құрбан болатын. (Леуі.14:4)

Неліктен Иса оларды тап сол жерде сауықтырмады?

- Ережеге сай діни қызметкерлер сауығуға куә болулары тиіс. Әйтпегенде адам бәрібір таза емес болып саналатын. Қосымша Ол олардың сенімін тексерді. Ол оларға тап сауығып кеткен кісіше, діни қызметкерге барып көрініңдер деді! Және де ғибадатханаға барар жол жақын емес болатын. Иерусалимге дейін бару керек еді!


- Олар жолда кетіп бара жатқанда, өздерінің жаман аурудан тазарғанын көрді. Алапестен сауыққан он адамның біреуі ғана Исаға кері оралды.